05 ақпан 2021 | 09:40

Коронавирусты екінші рет жұқтыру себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық медицина қызметкерлері коронавирусты қайтадан жұқтыру себебін айтты. Олар вирустың организмде қайтадан пайда болуымен де, бір вирустың бірнеше уақыт адам организмінде қалып қоюымен де байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости


Америкалық медицина қызметкерлері коронавирусты қайтадан жұқтыру себебін айтты. Олар вирустың организмде қайтадан пайда болуымен де, бір вирустың бірнеше уақыт адам организмінде қалып қоюымен де байланысты болуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости

Коронавирусты қайтадан жұқтыру дерегі сирек кездеседі және ғалымдар әзірге ол қайтадан жұқтырумен байланысты ма, әлде бір вирустың адам организмінде ұзақ сақталуымен байланысты ма, жоқ па нақты айта алмайды.  

Йельс университетінің медициналық мектебінің америкалық зерттеушілері ешқандай симптомсыз төрт ай бойы коронавируспен ауырып, бірнеше рет ПТР-тестінің нәтижесі теріс шыққанына қарамастан қайтадан COVID-19 жұқтырған адам туралы айтып берді.  

"Ең алғаш рет 40 жастағы ер адам 2020 жылдың сәуірінде ауруханаға жатқызылды. Клиникаға түскен кезде дем алуы қиындады. Науқастың анемнезінде бірнеше ауру түрі болған - екінші типтегі диабет, қалқанша безінің белсенділігі және семіздік. Ауруханада деп жетіспей, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып, COVID-19-ды емдеуге арналған басқа да препараттар жазылды", - деп жазды басылым. 

Ер адам ауруханада екі ай жатқаннан кейін асқынулар басталған. Алайда ол ақыры аурудан айығып, ауруханадан шыққан болатын. 

"Ол үш ай бойы тест тапсырды, бәрі теріс нәтиже көрсетті. Төрт айдан кейін, 2020 жылдың тамызында кезекті ПТР-тесті оң нәтиже көрсетіп, екі аптадан кейін ер адам ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. 

Ер адам екінші рет ауруханаға жатқылыған кезде ауру жеңіл өткен және науқас ауруханада бір апта ғана жатқан. Ол бірінші рет ауруханаға жатқызылғаннан кейін ешкіммен жақын байланысты болмағанын айтқан. 

Коронавирусты бірінші рет жұқтырған соң біраз уақыт өткендіктен науқаста вирус жұқтырудың екі эпиходы болуы мүмкін. Бірақ науқас бірінші рет жұқтырған кезде иммунитет қалыптасқандықтан екінші рет жұқтырғанда ауру жеңіл өткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети