22 қараша 2016 16:24

ҚР Ұлттық ғылым академиясының журналы Scopus халықаралық базасына қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Elseiver вице-президенті Джино Усси ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жүріновке ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы журналының индекстелуі туралы куәлікті табыс етіп жатыр. Elseiver вице-президенті Джино Усси ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жүріновке ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы журналының индекстелуі туралы куәлікті табыс етіп жатыр.

Elseiver вице-президенті Джино Усси ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жүрыновқа "ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. Геологиялық және техникалық ғылымдар топтамасы" журналының Scopus халықаралық мәліметтер базасында индекстелуі туралы куәлікті табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Elseiver вице-президенті Джино Усси ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жүрыновқа "ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. Геологиялық және техникалық ғылымдар топтамасы" журналының Scopus халықаралық мәліметтер базасында индекстелуі туралы куәлікті табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Усси Қазақстанның жариялым өсімінің көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтті. 2011-2015 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 332 пайызды құрады. Сонымен қатар, Қазақстан ғылыми жариялымдардың жаһандық рейтінгінде 74-орында тұр, ал елдегі жариялымдар саны - 7 711.

Сонымен бірге, ол Scopus базасы бойынша да мәліметтер келтірді. "2012 жылдан 2015 жылдар аралығы Scopus базасындағы қазақстандық жариялымдар саны 600-ден 2400-ге артқан", - деді Усси. Оның айтуынша, Field weighted citation impact (дәйексөздің әсері) параметрі бойынша әлі де жұмыс істеу қажет, ол жарияланған жұмыстардың сапасын көрсетеді. ҚР ғалымдары 2011-2015 жылдар аралығында 12 460 дәйексөз келтірілген 7 700 ғылыми жұмыс жариялады. Олар 11 200 автормен жазылып, мұндағы дәйексөз әсері 0.46. Ал әлемдегі орташа көрсеткіш - 1.0." - дейді ол.

Ол ҚР ғалымдарын өз жұмыстарын индекстелетін журналдарда жария ету кезінде талғамшыл болуға шақырды. "Біз қазақстандық зерттеушілер арасында кеңінен танымал ТОП-10 журналды зертеп көрдік. ТОП-2 Life Science Journal және World applied sciences journal теріс пайдаланушылық үшін шығарылып тасталынды. Сонымен бірге, кей журналдарда импакт-фактор ҚР-дің 0.46 көрсеткішінен төмен. Сондықтан, еңбектердің сапасы мен танымалдылығын арттыру үшін импакт-факторы жоғары журналдар іздеу керек", - дейді Elseiver өкілі.

Өз кезегінде ҚР ҰҒА президенті Мүрат Жүрінов 220 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 1 пайызына артады деп үміт білдірді. Ол «ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. Геологиялық және техникалық ғылымдар топтамасы» журналындағы еңбектер енді ағылшын тілінде жариялау жоспары барын айтты. Сонымен қатар, ол ҚР ҰҒА-ның өзге бес журналы Scopus базасына енгізілудің соңғы деңгейінде екенін айтты. (Біздің журанлдардың барлығы ҚР ҰҒА сайтынды көрсетілген. 2012 жылдан бастап барлық журналдар сонда орналастырылды. Бұл Scopus талабы. Ең маңзыдысы журнал бір ғана республиканікі болмау керек. Редкция құрамына Еуропа, Ресей, Украина, Балтық жағалау және Орта Азия ғалымдары кіреді", - дейді ол.

Бұдан бөлек Орта Азия елдері ғалымдарының мақалаларын жариялымға қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жүрінов ғалымдардың күшін ҚР-дің мыңқты ғылым салаларына жұмылдыру ұсынысы бағалы екендігін айтты. "Баяндамамаыздан кейін біз әлсіз тұстарымызға назар аударып, оларды түзеуге тырысамыз. Біздің қаржыландыру көлеміміз үлкен емес, дегенмен АҚШ-тағыдай жұмыс істейміз - ғылымның барлық саласын қаржыландырамыз. Бұл дұрыс емес. Жапония, Оңтүстік Корея өз күші мен қаржысын басты болып ккелетін бағыттарға жұмсайды. Бізде оы жолмен жүру керекпіз. Мен бұл туралы Үкіметте, Білім және ғылым министрлігінде бірнеше рет баяндама жасағанмын, енді біз ортақ тіл табатынымызға үміттенем. Бізде геологиялық, металлургиялық, химия өнеркәсібі, мұнай мен газ шығару, өңдеу мен аграрлық сала басты болып келеді. Осының үстіне біз кадрлар дайындау үшін гуманитарлық ғылымдарға да ұолду көрсетіп отырмыз", - деді Жүрінов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети