11 мамыр 2019 11:15

Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nauka.vesti.ru © nauka.vesti.ru

Құрамында АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдары бар Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 


Құрамында АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдары бар Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі 

Ғалымдар профессор Зинетула Инсеповтың (АҚШ, Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі Якорлік жобасының жетекшісі), профессор Құрбанғали Тыныштықбаевтың (Қазақстан, Назарбаев Университетінің халықаралық деңгейдегі Якорлік жобасының қызметкері), доктор Евгений Емелинның, доктор Олег Кононенконың және профессор Дмитрий Рощупкиннің (Ресей, РҒА Микроэлектроника мәселелері институты), сондай-ақ доктор Қанат Байғариннің (Қазақстан, Назарбаев Университеті Президентінің кеңесшісі) ашқан ғылыми жаңалықтары микро және наноэлектроникада заманауи перспективалы материал - графенді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Графен бүгінгі таңда әлемдегі ең берік, жұқа және ең жеңіл электр өткізгіш материал болып табылады. Жуырда америкалық ғалымдар Арканзас Университетінде (АҚШ) графеннің перспективада іс жүзінде шексіз энергия көзіне айналып энергетикада төңкеріс жасауға қабілетті екенін анықтады.

Сенсациялық зерттеу нәтижелері барынша аз энергетикалық шығындармен жоғары жиіліктегі акустикалық сигналдарды графенмен күшейту мүмкіндігін көрсетіп берді. Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы, Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыс авторларының Халықаралық академиясы және Ғылыми жаңалықтар авторлары Халықаралық қауымдастығы құрамында АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдары бар Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобына "Беттік акустикалық толқынның шектеусіз күшеюі" әсері ғылыми жаңалығын ашқаны туралы ресми куәлік және Нобель сыйлығының лауреаты Петр Капица атындағы медальді табыс етті.

"Осы ашылған ғылыми жаңалықтан туындайтын практикалық әзірлемелер қорғаныс өнеркәсібінде, медицинада, ұлттық қауіпсіздікте, ғарыш байланысында, мысалы, Дүниежүзілік Интернет құру үшін қызмет істейтін  халықаралық компаниялар үшін елеулі құндылық болып табылады. Осы ашылған жаңалықтың нәтижелерін коммерцияландыру нәтижелеріне зияткерлік құқықтар әзірге Назарбаев Университетіне тиесілі емес. Біз инвесторлармен жаңа аспапты коммерцияландыру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізудеміз", - дейді жаңалықтың бірлескен авторы, профессор Зинетула Инсепов. 

Тәжірибе барысында Назарбаев Университетінің ғалымдары электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға қабілетті материал - пьезокристалдың бетіне графеннің үлдірін салды. Сонымен бір уақытта графенге тұрақты ток көзінің әсері берілді. Зертханалық тәжірибе барысында бұған дейін ғылымға белгісіз құбылыс эксперименталды түрде тіркелді сондай-ақ теориялық үлгісі әзірленді: пьезокристалл бетінде жоғары жиіліктегі электр тогынан туындаған, әрі тұрақты токпен күшейтілген акустикалық қума толқындар амплитудасының шектеусіз күшеюі орын алды. Бұл ретте, акустикалық толқындардың энергиясы бастапқы акустикалық сигналдан әлде қайда қуатты болды.

"Surface acoustic wave amplification by direct current-voltage supplied to grapheme film" мақаласында зерттеу алғаш рет 2015 жылы американың "Applied Physics Letters" белгілі ғылыми журналында жарияланды. Назарбаев Университетінде ашылған жаңалықтың көптеген салаларда қолданылуына байланысты, жаңа әсерге әлемнің көптеген ғалымдары бірден қызығушылық білдіріп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети