02 ақпан 2021 16:55

Нұр-Сұлтан оқушыларына ашық сабақтар театр мен кітапханаларда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда оқушыларға театрлар мен кітапханада ашық сабақтар өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда оқушыларға театрлар мен кітапханада ашық сабақтар өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл жобалар мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтарын мен мәдениетке, спортқа деген қызығушылықтарын оятып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ басқа адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға баулыйды. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды.

Сонымен қатар, мәдени және спорттық ғимараттарымыз балаларға қолжетімді болуы қажет. Әр баланың осы мекемелерге баруға және процесті ішінен көруге мүмкіндігі болуы тиіс.

 "Біз "Астана Опера" театрымен бірлесіп жоба жасадық. Оқушылар Людвиг Минкустың "Баядерка" балетіне тегін барып, өз ісінің шеберлерімен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, оларға балеттің тарихы туралы айтылады, грим және костюм цехтарын, музыкалық кітапхананы, дайындық залдарын және т. б. көрсетілді. Мұндай театр сабақтары біздің балаларымызға ақпаратты жақсы меңгеруге мүмкіндік береді, өйткені олар енді оқулықтағы мәтінді ғана емес, сонымен бірге қойылымның өзін, костюмдерді, кейіпкерлердің өздерін де көреді. Бұл біздің балаларымызды мәдени тұрғыдан байытуға мүмкіндік береді", - дейді әкім.

Сонымен қатар, 2021 жылы елордада жаңа Оқушылар сарайының құрылысы басталады.

"Мемлекет басшысы оқушыларымыздың оқу дағдысы тиісті деңгейде дамуы керегін атап өткен. Ұлттық кітапханаға экскурсия кезінде балалар мұрағаттағы көптеген кітаптарды ала алады, жазушылар туралы көбірек біліп, мұражайды көреді. Бұл - жаңа білім алуға деген ынтаны арттырады" -деп жазды Алтай Көлгінов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети