11 қаңтар 2021 13:18

Нұр-Сұлтанда оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордалық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды. 70 мыңға жуық оқушы мектепке барып оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елордалық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды. 70 мыңға жуық оқушы мектепке барып оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Алайда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында сайлау учаскелері ретінде тартылған білім беру нысандарындағы дезинфекциялық іс-шаралардың салдарынан жаңа тоқсанның бірінші оқу күнінде сабақтар қашықтан өтеді.

Елімізде 12 қаңтардан бастап офлайн режимде оқыту жалғасады.

"Үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары "кезекші сынып" режимінде оқуын жалғастырады. Сонымен қатар, үшінші тоқсанда бітіруші сыныптар (9, 11, 12-сыныптар) кезекші сыныптар қағидаты бойынша аралас форматта (15 адамнан артық емес) оқиды", - делінген хабарламада.

Офлайн сабақтар кестесіне инвариантты компонент пәндері кіреді: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы. Бұл оқу пәндерінің 70 пайызын құрайды.

Қалған пәндер (30 пайызы) - информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негіздері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық қашықтан өтеді.

"Мектептер икемді кестелер әзірлейді, сабақтар арасындағы өзгерістер әртүрлі сыныптар үшін түрлі уақытта өтеді, әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар көбейеді. Бір сабақтың уақыты 5 минуттық үзіліспен 30 минуттан аспайды. Айта кетейік, 3 тоқсанда 70 мыңға жуық оқушы мектепке барады",  - делінген әкімдік хабарламсында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети