09 маусым 2016 19:27

ОҚО-да ҰБТ тапсыруға басқа адам кірмекші болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ОҚО-да ҰБТ тапсыруға басқа адам кірмекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ОҚО-да ҰБТ тапсыруға басқа адам кірмекші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 8 маусым күні №790 ҰБТ өткізу пунктында (Оңтүстік облысының Сарыағаш ауданы) оқушыларды тестілеуге кіргізу кезінде министрлік өкілдері Төлеген Айбергенов атындағы мектеп түлегінің орнына басқа адамның келгенін анықтады.

Бұл дерек бойынша тиісті акт жасалып, тәртіп бұзушы азамат істің мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары өкілдеріне тапсырылды. Сарыағаш аудандық ІІБ ақпараты бойынша, түлектің орнына тестілеуден өтпек болған Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, қазір Алматы қаласында тұратын 1996 жылғы азамат екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети