29 ақпан 2016 18:36

OYLA ғылыми журналының қазақ тіліндегі нұсқасы оқырманның жоқтығынан жабылу алдында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналдың мұқабасы © Әсем Жапишева Журналдың мұқабасы © Әсем Жапишева

OYLA ғылыми журналының қазақ тіліндегі нұсқасы оқырманның жоқтығынан жабылу алдында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналдың редакторы Әсем Жапишеваға сілтеме жасап.


OYLA ғылыми журналының қазақ тіліндегі нұсқасы оқырманның жоқтығынан жабылу алдында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналдың редакторы Әсем Жапишеваға сілтеме жасап.

Редактордың айтуынша, наурыз айынан бастап OYLA ғылыми-көпшілік журналы тек орыс тілінде шығарылатын болды. "Журналдың қазақ тіліндегі нұсқасын шығару үшін бізге кем дегенде 3000 жазылушы қажет, ал алты айда олардың саны бар болғаны 18 адамға жетті. Бұл шешімді қабылдау бізге шын мәнінде қиынға соқты", - деді ол.

Сонымен қатар, журналды шығарушылар қазақ тіліндегі ғылыми басылымдардың әлі де қажет болатынына үмітпен қарап, петицияны ашып отыр. "Кешеден бері мүдделі азаматтар бізге өздігінен қолдау жасап, журналға жазыла бастады. Егер сіз журналға жазылуға ниет білдірсеңіз осы петицияға қол қойып, info@oyla.xyz байланыс ақпаратыңызды қалдыруды өтінеміз. Егер 3000 адам журналды шығарыңдар деп қол қойса, ары қарай жалғастыруға үмітіміз бар", - деді Әсем Жапишева. Журналға 3000 адам жазылса, жұмысын қайта жалғастыруды көздейді. 

Айта кетейік, OYLA жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша материалдардан тұрады, оның ішінде математика, физика, химия, биология, астрофизика және ғылымды насихаттайтын мақалалар бар. Редакцияның басты міндеті, авторлардың айтуынша, көрнекті ғалымдар, өнертабыс, тарих, қызықты мамандықтар, ғаламның құрылысы және басқа көптеген күрделі заттар туралы балаларға түсінікті тілмен айтып беру. Журнал тек танымдық қана емес, сонымен қатар, көрнекті суреттермен, коллаждармен, әсем фотосуреттермен безендірілген. Журналды шығаруға ғылыми тілшілермен қатар, ғалымдар, мұғалімдер, зиялы қауым өкілдері атсалысты.


Журнал беттері ©  Әсем Жапишева

Бірінші нөмірді көріп құптағандардың ішінде МҰУ, МФТИ, ҚазҰУ, РЭШ, МАИ, Назарбаев Университет секілді жетекші жоғарғы оқу орындарының профессорлары; РФМШ и ҚТЛ мұғалімдері, және "Time", "Квант", "Эксперт-Россия", "Кот Шредингера" ғылыми журналдарының редакциялары мен ҚР Білім және ғылым министірлігінің сарапшылары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети