18 шілде 2015 18:12

Плутонның сыртқы қабаты жақыннан суретке түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© BBC © BBC

Жақында ғана Плутонның маңынан ұшқан "Нью Хорайзонс" NASA зонды планетаның сыртқы қабаты түсірілген сапалы суреттер жариялады. Суреттен Жердің алғашқы жасанды серігінің құрметіне аталған "Спутник" аймағының мұзды қабатын көруге болады, - деп хабарлайды  BBC.


Жақында ғана Плутонның маңынан ұшқан "Нью Хорайзонс" NASA зонды планетаның сыртқы қабаты түсірілген сапалы суреттер жариялады. Суреттен Жердің алғашқы жасанды серігінің құрметіне аталған "Спутник" аймағының мұзды қабатын көруге болады, - деп хабарлайды  BBC.

Жазықтық диаметрі 20-30 шақырым болатын бірнеше телімге бөлінген. Олардың жиектерін шұңқырлар мен төмпешіктер қоршап жатыр. Ғалымдардың айтуынша, жазықтықтағы шұңқырлар ғаламшардың ядросынан шыққан жылудан пайда болған.

Екінші жағынан, ойыстар топырақ эрозиясы мен жазықтықтың суытуынан да болуы мүмкін деген болжам бар. Ғалымдар тегіс емес жерлердің нақты қалай пайда болғанын анықтау үшін көп уақыт керек екенін айтты. "Мен "Спутниктегі" ойыс жерлерді көрген кезде оны "таңғажайып жер" деп атаймын деген ойға келдім", - деді жобаның бас геофизигі Джефф Мур.

Вашингтондағы NASA штаб-пәтерінде өткен брифингте Плутонның спутнигі Никтаның суреттерін көрсетті. Спутник көлемінің кіші болуынан суреттер ұлғайтылып көрсетілді. Осыған қарамастан, суреттерден жаңа ақпараттар алуға болады.

"Нью Хорайзонс" зонды арқылы жасалған басқа жұмыстар ғаламшар атмосферасы күннен шығатын зарядталған бөлшектердің салдарынан сағатына 500 тонна газ жоғалтатынын көрсетті.

Кішкентай көлемді және тартылыс жазықтығының әлсіздігінен Плутон атмосферасын ұстап тұра алмайды. Салыстыра кетсек, үлкен Марс ғаламшары сағатына 1 тонна ғана газ жоғалтады.

Ғаламшарды басқа қырынан зерттей келе, ғалымдар онда атмосферадағы булану мен бұлттарды көретіндеріне сеніп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети