23 шілде 2019 10:02

Ресей ғалымдары Айдың арғы бетін бұрғылауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей ғалымдары Айдың қашаннан бастап бір жағынан ғана көріне бастағанын анықтауды ұсынды, ол үшін спутниктің арғы бетінде 15 метр тереңдіктен сынама алу қажет, - деп хабарлады РИА Новости РҒА Геохимия және аналитикалық химия институтының Ай мен ғаламшарлар геохимиясы зертханасының меңгерушісі Евгений Слютаға сілтеме жасап.

"Біз жаңа буынды бұрғылау қондырғысының нұсқасын әзірлеп жатырмыз. Бұл 80 келіге жуық шағын құрылғы. Осындай бұрғылау арқылы біз Айдың бүкіл бетінде жыныстың төселетін ай топырағының тереңдігіне қол жеткізе аламыз. Егер осындай бұрғылау арқылы Айдың арғы жағынан үлгілерді алсақ, газдардың топырақ бөлшектерінің құрамы бойынша Айдың өз осінің айналасында қашаннан бастап айналғанын және жерге қашаннан бастап бір жағымен ғана қарап тұрғанын анықтай аламых", - деді Слюта.

Бұдан басқа, ғалымдар Ай бетіне сейсмикалық мониторингтің 8-10 автоматты станцияларынан тұратын тірек желісін орналастыру жобасын ұсынды.

"Бұл сейсмометрмен, магнитометрмен, гравиметрмен, 5 метрге дейінгі тереңдікте топырақтың электр магниттік қасиеттері мен температурасын өлшеуге арналған тереңдік зондпен және лазерлік навигацияға арналған бұрыш шағылыстырғышымен 50 келіге жуық шағын контейнер түріндегі автоном ғылыми станциялар", - деді ол.

Қытай өзінің қондыру аппаратын айдың арғы бетіне жіберген алғашқы ел болды. 2019 жылдың 3 қаңтарында кратердің түбіне "Чанъэ-4" аппараты сәтті қонған.

Қытайлар Айдың арғы бетіне қонды. Тұңғыш операция жайлы не білеміз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети