Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.11
EUR / KZT - 407.93
CNY / KZT - 51.61
RUB / KZT - 5.91

Сағадиев мектептердегі ақша жинау мәселесімен қалай күресетінін айтты

27 Сәуір 2016, 13:43
0
© uraldaily.ru
© uraldaily.ru

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке қоғаммен кездесу барысында мектептердегі ақша жинау мәселесімен қалай күресетіні жайлы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақша жинау қиын әрі маңызды мәселе. Білім және ғылым министрлігі қандай әрекет жасамасын, әрқашан жүйелі түрде ойлау қажет. Бұл ең бастысы. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұл проблемамен біз жүйелі деңгейде айналысуымыз қажет. Әйтпесе, ешқандай шешімге келе алмаймыз", - деп бастады сөзін министр.

Ол министрліктің проблеманы шешуді неден бастайтынын айтты. "Біз проблемаларды жүйелеуден бастаймыз. Мен қазірдің өзінде үш үлкен проблеманы көріп тұрмын. Біріншісі мектептердегі аттестациялау. Аттестацияның жұмыс істеу тәртібін өзгерту керек. Қайта қарау қажет. Шетел мамандарын жұмысқа тартып, жаппай аттестациялаудан бақылауға дейін қадағалау керек", - деді Сағадиев.

"Екіншісі бізге ақша жинаудың және демеушілік көрсетудің не екенін түсіну керек. Егер сіздер батыс елдерінде болсаңыз, атауы жоқ ғимараттарды көрмейсіз. Барлық ғимараттарды біреулер соққан немесе сыйға берген. Жоғары оқу орындары, кітапханалар. Барлық жерде тақталар ілінген. Биыл біз осы бағытта алғаш рет қадамдар жасап отырмыз. Біз робототехникалар лигасын құрдық. Келесі жазда бірінші финал өтеді. Сондықтан біз әкімдікті, демеушілерді, жоғары оқу орындарын мектептерді робототехникаға арналған жабдықпен қамтамасыз етуге ат салысуын сұраймыз. Бізде мұндай жабдықтармен Назарбаев Интеллектуалдық мектептері қамтылған", - деп жалғастырды сөзін министр.

Оның айтуынша, енді үлкен компаниялар мен жоғары оқу орындары өздерінің класстарын атымен атай алады. Ол Назарбаев Интеллектуалдық мектебіндегі (Samsung компаниясы сыйлаған) Samsung robotics klass деп аталатынын роботехника сыныбын мысал ретінде келтірді.

"Біз ақша жинау мәселесі бойынша бірнеше бағытта жұмыс жасайтын боламыз, болмай жатса аудандық, қалалық білім бөлімдері арқылы проблеманы шешуге тырысамыз. Бір жағынан біз жеке меншік капиталдың мектептерге барып, мәдениетті түрде осы мәселені шешуге көмектескенін қалаймыз", - деп қорытындылады министр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай