28 ақпан 2014 | 12:03

Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шіліктіден табылған "Алтын адам"(реконструкциясы) Шіліктіден табылған "Алтын адам"(реконструкциясы)

Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шілікті қорымын ашқан адамдардың бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Археология және этнология институтының директоры Әбдеш Төлеубаев жеткізген. Бұл сомаға жасалған жұмыс пен материалға кеткен шығындар кіреді. Көшірмемен Есіктен табылған атақты "Алтын адамды" қалыпқа келтірген, белгілі реставратор Қырым Алтынбеков айналысты. Шілікті жазықтығында жерленген сақ патшасының киімдері жүн мен жібектен тігілген, сауыт-сайманы мен әшекей өрнектері алтынмен жалатылған. Көшірмесі түпнұсқа көлемінде жасалды. Ол Астананың ұлттық мұражайына қойылады деп жоспарланып отыр. Шіліктіден "Алтын адам" 2004 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі "Алтын адамнан" 400 жылға үлкен. Төлеубаевтың айтуынша, көне қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым табылған. Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп қондырылған. Әшекейдің көбісінің көлемі бір миллиметрден ары аспайды. Олармен, ғалымның айтуынша, "Алтын адам" киімін бисермен безендірген секілді көмкерген. Сонымен қатар экспедиция сақ мәдениетінің таңғажайыбы - бұғы бейнесіндегі ағаш мүсінге де тап келген. Ондағы жұмыс майлы бояумен жасалған. Өкінішке қарай, кейбір жәдігерлер археологтардың қолына жетпеген. Төлеубаевтың айтуынша, қорымды қазып алғанға дейін онда біреулер болып, кейбір бағалы заттарды, мәселен қанжар, қылыш және әшекейлі мойынжабарды алып кеткен. Ұрылар қорымды жанынан қазып, ішіне түскен. Жерде күл шашылып жатқан. Соған қарағанда ұрылар шырағданды пайдаланған. Төлеубаев қорымда батыр емес, патшаның, онда да сақ мемлекетінің байырғы басшысы жерленгеніне сенімді. Оған оның бағалы киімдері, қорым ішінде көптеген алтын әшекейдің болуы дәлел бола алады. Сүйек сараптамасы патшаның 36-40 жас шамасындағы, бойы 180 сантиметр, ірі, алпамса денелі, солақай ер адам екенін анықтады. Оның түрі еуропалықтарға ұқсаған, яғни сары, бірақ 20 пайыз моңғол аралас, бұл сол кезеңдегі сақтарға тән келбет. Табылған сүйек бұзылмаған, оған ешкім қол салмаған, сол секілді зақым келмеген. Соған қарағанда Шіліктегі "Алтын адам" өз ажалымен өлген, соғысқа қатыспаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети