30 шілде 2015 17:29

Шығыс Қазақстаннан табылған сақ әйелінің жасы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Археологтар 2013 жылы Үржардан табылған сақ әйелінің жасын анықтады, - деп хабарлайды Yk.kz.


Археологтар 2013 жылы Үржардан табылған сақ әйелінің жасын анықтады, - деп хабарлайды Yk.kz.

Жаңа әдіс арқылы мамандар ханшайымның біздің заманымызға дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүргенін анықтады. Әйел шамамен 40-45 жаста. Оның бас киімі қызыл жібектен, ал киімі малдың жүнінен тігілген. "Біз сараптама жасату үшін Эрмитажбен байланыстық, олар жақсы нәтиже берді. Бас киімінен ерекше сурет таптық. Оларды жинақтаған кезде Самұрық құсының бейнесі екенін білдік. Мұндайды алғаш көруіміз", - деді жаңғыртушы Қырым Алтынбеков.

Жаңғыртушылардың айтуынша, далада жұмыс істеу, табылған заттарды сақтау қиындық тудырады. Сондықтан да отандық ғалымдар "Құм дорба" атты жаңа әдіс ойлап тапқан. Яғни, деректердің қауіпсіздігі үшін енді саркофагтар бөлек блокқа, ал жерден қазып алынған заттар бөлек блокқа сақталады.

Қазір консервациялық жұмыстар аяқталды, жаңғырту жұмыстары басталды. Қазақстандық ғалымдар АҚШ-қа жіберілген сүйек, тоқыма мен топырақтың сараптамаларының нәтижелерін күтіп отыр. осыдан кейін ғана ханшайымның нақты қай ғасырда өмір сүргені анықталады. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін экспонат Ұлттық мұражайға қойылады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети