Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен қазан айында кездесетін болды

16 Тамыз 2016, 15:09
0

Таразда тұратын Исаак Мустопуло есімді мектеп оқушысы ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен қазан айында кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығыңызға сәлем! Стивеном Хокингпен кездесетін күнім жақындап жатыр. Барлығыңызға көрсеткен қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін рақмет! Менің сүйікті журналым астрофизикаға қызығатын адамдардың атынан қызықты сауалдарды құруға көмектеседі. Мен бұл кездесудің тек маған арналмағанын айтқым келеді. Сауалдарыңыз болса, сұраңыздар! Мен ол сұрақтарды ғалымға жеткіземін", - деп жазды Исаак өзінің Facebook желісіндегі парақшасына.

Сондай-ақ, қазақстандық OYLA ғылыми журналы алдағы кездесу жайлы айтып берді.

"Былтыр қазан айында British Council Kazakhstan өкілдері бізге оқушылар арасында өтетін инновациялық жобалар байқауына қатысу туралы аңдатпа жариялауды сұраған болатын. Ол кезде біздің журналдың жарық көргеніне екі ай ғана болды. Оқырманымыз аз болды. Бірақ оған қарамастан біз ақпарат жазып жүрдік. Бізге Таразда Исаак Мустопуло есімді баланың физикаға қатты қызығушылығы бар екенін айтты. Сол оқушы біздің алғашқы оқырмандармыздың бірі болды. Исаак болашақта физик болғысы келеді екен. Содан ол байқауға қатысып, жеңіске жетті. 11 қазанда біздің Исаак ағылшын ғалымы, физик-теоретик Стивен Хокингпен кездеседі (Stephen Hawking). Біз сені мақтан тұтамыз!", - делінген Facebook желісіндегі журналдың парақшасында.

Айта кетейік, ғалыммен болатын кездесуге Исаак пен редакция тілшілері бірге сұрақтар дайындап, оқырмандардан да осыған атсалысуға ұсыныс білдіріп жатыр. Исаак әлі күнге дейін бұл кездесудің болатынына сенбей отырған сияқты. "Мен қатты қуаныштымын. Толқып тұрмын. Кездесу мүмкін Кембридж университетінде болады. Сапардың бағдарламасымен әлі танысқан жоқпын", - деді Исаак Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, осыған дейін Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен кездесуге дайын екенін айтқан болатын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма басшысының орынбасары Жұматай Сәлімов айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай