11 қаңтар 2022 12:42

Тоқаев елде беделді шетел университеттерінің 5 филиалын ашуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жоғары білім қолжетімділігін арттыруды және беделді шетел университеттерінің бес филиалын ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде жоғары білім қолжетімділігін арттыруды және беделді шетел университеттерінің бес филиалын ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында Тоқаев Қазақстанда жоғары білімге қолжетімділік мәселесі өзекті болып қала беретінін айтты.

"Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына мақсатты гранттар бөлуге ерекше назар аудару керек. Жаңа экономиканы құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру маңызды. Соңғы уақытта елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашыла бастады. Жақын арада Ресейде жетекші техникалық университеттер филиалын ашу жоспарланған. 2025 жылға дейін елімізде беделді шетел университеттерінің кем дегенде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте еліміздің батысында техникалық университеттердің екі филиалы ашылуы тиіс", - деді Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети