13 мамыр 2016 12:44

ҰБТ 2016 жылы дәстүрлі түрде соңғы рет өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Келесі оқу жылында ҰБТ тапсыру форматы өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы оқу жылында ҰБТ тапсыру механизмінде өзгерістер болмайды. Бірақ оны бірінші рет қайта тапсыру мүмкіндігі берілген. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлады.

Биылғы оқу жылында 121 091 түлек мектепті аяқтайды, олардың 86 991-і ҰБТ тапсырады, олардың ішінде қазақ тілінде 63 021, орыс тілінде 23 970. 

Нүсіпов ҰБТ-ның 166 арнайы жабдықталған пунктте 2-15 маусым аралығында өтетінін хабарлады. Осы пункттердің 116-сы аудан мектептерінің ғимаратында болады, 50-і жоғары оқу орныдарының ғимараттарында болады. Барлық пунктте мемлекеттік комиссия құрылған. 

Процедураға қатысатындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әділ әрі ашық ҰБТ өткізу мақсатында дәстүрлі түрде техникалық құралдарды қолдану жоспарланып отыр. Бұл - ұялы байланыс белгілерін жоятын 1399 құрал, 438 металліздегіш, 275 видеотірегіш, 2250 бақылау камерасы", - деді спикер. 

ҰБТ қорытындылары дәстүрлі түрде министрлік пен ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады. Ал ҰБТ тапсырудың келесі жылғы нұсқасындағы өзгерістерді Нүсіпов тамыз жиналысында хабарлайтынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети