29 мамыр 2015 21:58

ҰБТ-да жоғары балл алуы үшін түлектердің ата-аналарынан ақша жиналып жатыр - ҚР БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) әр түрлі аймақтардан түлектердің ата-аналарынан ҰБТ-да жоғары балл алу мақсатында ақша жинау жүргізілуде деген ақпарат келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰБТ қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) әр түрлі аймақтардан түлектердің ата-аналарынан ҰБТ-да жоғары балл алу мақсатында ақша жинау жүргізілуде деген ақпарат келіп түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігі алаяқтардың ҰБТ қорытындысына әсер етуі мүмкін әрекетінің алдын алмақ. Жинастырылған қаражат ҚР БҒМ бақылаушыларына беріледі делінген. 

"Осы қылмыстық схемаға қатысушылар пара алушылар ғана болмай, сонымен қатар пара берушілер қатарына кіреді, яғни алаяқтар, ата-аналардың атынан шығып, ақша алып, қолма-қол ақша сыйақыларды ұсынатындар қатарына кіреді. Заңсыз ақша жинау жөнінде ақпараттар фактілері келіп түскен жағдайда, мемлекет тарапынан олардың жойылуына барлық іс-шаралар қолданылатын болады, тіптен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен қарастырылады", - делінген хабарламада. 

ҚР БҒМ барша мүдделі тараптарға заңсыз қаражат жинаған жағдайды көрген бойда құқық қорғау органдары мен министрлікке хабарлауды сұрайды.

"2015 жылдан ҰБТ-ны жақсарту шаралы қолданылуда, яғни, тестілеу барысында әділ түрде тапсыруға ынталанып, сыбайлас жемқорлық схемасын, тыйым салынған заттарды пайдаланбау мақсатында, аттестаттарға ҰБТ нәтижесі бойынша ортаарифметикалық баға мен жылдық баға қойылады. Түлектердің адал бағалары ғана ҰБТ кезінде нөлдік нәтиже көрсетпеуіне және ағымдағы жылда жоғары оқу орындарына түспей қалуынан құтқарады", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети