18 маусым 2019 14:32

ҰБТ өткізуге дайындық 100 пайыз болуы тиіс - Мамин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл Қазақстанда ЖОО-ларға түсуге ниет білдіргендер саны 117 мыңнан асады. Білім беру грантын алуға және мемлекет есебінен білім алуға үміттенушілер үшін биыл тестілеу 20 маусымда басталады.

ҚР Үкіметінің басшысы өңірлердің әкімдеріне оқушылардың ҰБТ-ға қатысуын ұйымдастыру мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

"ҰБТ өткізуге дайындық 100 пайыз қамтамасыз етілуі тиіс", - деді Асқар Мамин. - Білім және ғылым министрлігінің міндеті - тест өткізу пунктерінің барлығының жұмысын нақты үйлестіру".

Мемлекеттік органдарға ҰБТ қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети