Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

"Әкем де, анам да өнер адамдары". Zhuldyz LIVE жобасында AYREE 16 маусым 2022, 16:52

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында AYREE қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында AYREE қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы да белгілі әнші AYREE бір сағат бойы жанды дауыста 8 әнін шырқап, сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол ата-анасының өнеріне көзқарасы туралы әңгімелеп берді.

"Әкем де, анам да өнер адамдары. Анам - кәсіби әнші, вокалист, вокалдан сабақ береді. Әкем - композитор, саксофонист. Олар өнеріме қатты қарсы болған жоқ. Бірақ домбыраны әбден бойыңа сіңіруім керегін айтты", - деді әнші.

AYREE халыққа ұнаған алғашқы туындыларының бірі туралы айтты.

"Шоу" әніміз халыққа ұнады. "Шоу" әнінен кейінгі бейнебаяндарға жақсы қаражат бөлінді. Бірақ алғашқы бейнебаян болған соң естеліктер өте көп. Түсірілім біраз уақыт алды. 1 ай бойы монтаж жасалды", - деп еске алды әнші.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Мұхтар Ханзада қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

15 маусымдағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram