04 қараша 2017 15:19

Анджелина Джоли ұлыбританиялық кәсіпкерге тұрмысқа шыққалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджелина Джоли. © РИА Новости/Екатерина Чеснокова Анджелина Джоли. © РИА Новости/Екатерина Чеснокова

Голливудтық әртіс Анджелина Джоли қазіргі сөз байласым жүрген жігітімен тұрмыс құрмақшы, - деп хабарлайды The Hollywood Life.


Голливудтық әртіс Анджелина Джоли қазіргі сөз байласым жүрген жігітімен тұрмыс құрмақшы, - деп хабарлайды The Hollywood Life.

Таблоид мәліметінше, әлемдегі ең сүйкімді әйелдердің бірі 40 жастағы ұлыбританиялық кәсіпкер әрі филантроппен сөз байласып жүр екен. Олар өздерінің қарым-қатынасын Джолидің бұрынғы күйеуі Бред Питттен және балаларынан жасырып келген.

Биыл сәуірде Америкалық In Touch Weekly журналы Анджелина Джолидің ұлыбританиялық кәсіпкер-миллиардер әрі филантропқа тұрмысқа шығады деп жазған. 

Анджелина Питтпен ресми түрде ажыраспаған күннің өзінде осымен төртінші рет тұрмысқа шықпақшы. Үйлену тойы Камбоджадағы қорықтардың бірінде қарапайым, тек жақындардың қатысуымен будда дінін ұстанушылардың дүстірмен өтеді. Джоли бұл жаңалық туралы пікір білдіруден бас тартты. 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Питтің де қарап жүрмей 21 жастағы әртіс Эла Пурнеллмен сөйлесіп жүргені айтылады. 

Еске сала кетейік, былтыр 19 қыркүйекте Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасу туралы арыз берген болатын. Оның айтуынша, Брэд баласымен ұшақ ішінде дөрекі сөйлескен. Отбасы өздерінің үш баласын және асыранды үш баланы тәрбиелеп келген. Олардың жасы 8-15 аралығында.

Еске слайық, биыл мамырда Брэд Питт пен Анджелина Джоли татуласты. Бұл туралы Hollywood Life басылымы жазады. Жұлдызды жұп бір-біріне тағы бір мүмкіндік беріп, жиі хабарласып кездесіп тұратыны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети