12 қыркүйек 2021 17:31

Анна Седокова Rixos Aktau-да концерт өткізген. Әкімдік түсініктеме берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық әнші Анна Седокованың Ақтаудағы концерті желі қолданушыларының ашуына тиді. Әкімдік шара қолдану үшін қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына хат жолдағанын мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

"Концертті ұйымдастырушыға айыппұл салынатын шығар", - деді қала әкімдігіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rixos Water World Aktau (@rixoswaterworldaktau)

Жергілікті басылымның мәліметінше, өткен демалыста Rixos Water World Aktau-да украиналық әнші Анна Седокованың концерті өткен. Қонақүйде осы айда жұлдыздар қатысатын тағы екі іс-шара жоспарланған. Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова бесжұлдызды қонақүй аумағындағы барлық концерт 31 шілдеден бастап тоқтатылатынын хабарлаған болатын. Rixos Water World Aktau бас менеджері Серік Исағалиев эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келгенше қонақүй аумағында өтетін концерттерді тоқтату бойынша жұмыс жүргізілетінін айтқан.

Айта кетейік, биыл сәуірде қонақүй карантин кезінде қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының концертін ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалаған. Қонақүй иесіне 800 АЕК (2,3 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети