10 қаңтар 2017 13:32

Әнші Меруерт Түсіпбаева дизайнер Жадомен соттасатын күні емделуге кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында әнші Меруерт Түсіпбаеваны тіл тигізді деп айыптаған дизайнер Жадоның арызына қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жадоның "Ел ауызында" бағдарламасында айтқанына жауап ретінде Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желіде жазғанын дизайнер "арыма тиетін сөздер" деп бағалаған. Соның ішінде әнші дизайнердің сырт келбеті мен біліміне сын айтқан.


Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында әнші Меруерт Түсіпбаеваны тіл тигізді деп айыптаған дизайнер Жадоның арызына қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жадоның "Ел ауызында" бағдарламасында айтқанына жауап ретінде Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желіде жазғанын дизайнер "арыма тиетін сөздер" деп бағалаған. Соның ішінде әнші дизайнердің сырт келбеті мен біліміне сын айтқан.

Дегенмен, Меруерт Түсіпбаева Ресейдегі шипажайлардың бірінде ем алып жатқандықтан, сотқа келмеді. Судья Теміржан Кұдабаев сот тыңдауын әншінің қатысуынсыз өткізуге қаулы етті. Осыдан кейін әншінің қорғаушылары Жадоның айыптауларын негізсіз дегеннен басқа әншінің ақтап алар дәлелдер келтірмеді.

Ал Жадо өз кезегінде айыптамас бұрын Меруерт Түсіпбаева оның өмірбаянымен танысып алуы керек дегенді айтып, білімі барын дәлелдеу үшін сот процесіне мұғалімдерді ертіп келген. 

"Бұл сөз менің педагогтарыма да тиді. (...) Егер мен арықтауды ойлап, жаттығу залына баратын болсам, менің жұмысшыларыма кім қарайласады? Менде жүзден аса адам еңбек етеді. (...) Бұл жерде жеке басыма тиісті деп ойлаймын. Бұл маған ауыр тиді", - деп түсіндірді Жадо.

Жадоның сөзінше, айыпталушы сот отырысына келіп, кешірім сұрайды, осыдан кейін жанжалға нүкте қойылады деп ойлаған. Tengrinews.kz тілшісінің "Әншіні кешіруге дайынсыз ба?" деген сұрағына "Енді білмеймін" деп жауап қатты Жадо.

"Менде қоңырау шалатындай уақыт мүлде болған жоқ, адам өз сөзіне өзі жауап беруі керек деп ойлаймын. Меніңше, ол өзі қоңырау шалып: "Жаным-ау, кездесейік, мәселені шешейік деуі керек еді". Мен осыны күттім. Өзінен болмаса да, продюсер мен директордан", - деп айта кетті дизайнер. 


Дизайнер Жадо адвокатымен бірге

Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы жанжал 2016 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Дизайнер әншінің Instagram желісіндегі парақшасында жазғанына ренжіп, сотқа арыз түсірген еді. Ол Меруерт Түсіпбаеваны жала жапты және арын қорлайтын сөздер айтты деп айыптап, 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен болатын. 

Егер Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі дәлелденсе, ол 3000 АЕК көлемінде (6 миллион теңгеден көп) айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады немесе шектеледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети