29 сәуір 2018 10:33

Арулардың сұлулық байқауына қатысқан алматылық жігіт Comedy Club сахнасына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/vozhzd © instagram.com/vozhzd

Арулардың сұлулық байқауында финалист атанып, аты шыққан Илай Дягилевтің қатысуымен өткен ресейлік Comedy Club шоуының шығарылымы Желіде пайда болды. Бұл туралы  Sputnik Казахстан хабарлады.


Арулардың сұлулық байқауында финалист атанып, аты шыққан Илай Дягилевтің қатысуымен өткен ресейлік Comedy Club шоуының шығарылымы Желіде пайда болды. Бұл туралы  Sputnik Казахстан хабарлады.

Қазақстандықтың айтуынша, ұйымдастырушылар оған комедиялық шоуға қатысу туралы ұсынысты наурызда жасаған, 54 минуттық шығарылымның түсірілімі де сол кезде болыпты. Кештің қонақтарын таныстыру үшін сахнаға әзілкештер Павел Воля мен Гарик Харламов шықты және кешті Дягилев бастады.

"Шоуға қатысайын ба, жоқ па деп, мен ұзақ ойландым, ол жерде қатты мазақ қылатынын білдім. Әр сұрақ құйтырқылықпен ойластырылған, мен бұл процеске квест сияқты қарадым. Мұның барлығы қобалжытты. Ақырында бәрі көңілімнен шықты", - деді Илай.

Жігіттің айтуынша, видеоның астына жазылған көп пікірді оқыған және өзі жайлы жаңаша ешнәрсе байқамаған. "Түсірілімге қатысқаным үшін өкінбеймін. Бұл биік дәреже, көпшілік ол жерге жетсем деп армандайды. Видео шыққан соң өзіме сырт көзбен қарадым, немен жұмыс істеу керегін түсіндім", - деді ол.

Қазір Илай Дягилевтің екі елде жұмыс істеп жатқаны айтылады. Ол Ресейде дизайнер Геннадий Горбачевпен қызметтес болып жүр. Қазақстанда бірнеше жобаның жұмысы жүріп жатыр және жақында көрермендер оны жаңа амплуада көруі ықтимал.

Сонымен қатар, алматылық жігіт "Арина Әлиеваның миссиясын" (байқауда дауыс жинау үшін Илайдың ойлап тапқан қызы) жалғастыратынын айтты, мақсаты - адамдардың сырт келбетіне қатысты қоғамдық стереотиптерді бұзу.

© instagram.com/vozhzd


Арина Алиеваның образындағы Илай Дягилев 

22 жастағы Илай Дягилев Miss Virtual Kazakhstan байқауына қатысу үшін суреттерін Арина Әлиева деген атпен жолдаған. Алайда жігіт финалға шыққан соң өзінің әйел емес, ер адам екенін мойындап, ол байқаудан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылды. Кейін ол неліктен олай істегенін түсіндіріп берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети