03 маусым 2022 21:24

Айдана Меденова тұңғыш қызын босанарда болған ыңғайсыз жағдай туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

aidanamedenova_officialpage Instagram-парақшасынан aidanamedenova_officialpage Instagram-парақшасынан

Белгілі әнші Айдана Меденова Instagram-парақшасында тұңғыш қызын босанар алдында ыңғайсыз жағдай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Айдана Меденова Instagram-парақшасында тұңғыш қызын босанар алдында ыңғайсыз жағдай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қызын босанар кезде суретке түскісі келгендер болыпты.

"Бұл оқиға тұңғышымды босанарда болды. Мен ол кезде Аминаға жүкті едім және барлық жүкті әйел жақсы білетін жайттарды бастан өткеріп жаттым: толғақ басталды, перзентханаға түстім, мені палатаға жатқызды. Содан босанатын сәт те келді. Толғақ басталып кетті. Босанған әйелдер менің сол кезде қандай күйде болғанымды жақсы түсінетін шығар. Әбден қиналдым. Мен қызыммен кездесуге дайындалып жатсам, қасыма санитар жүгіріп келіп, "сізбен фотоға түсуге бола ма?" деді. Көшеде немесе қоғамдық орындарда мұндай өтінішпен келетін жандар көп. Мен фотоға түсуден, әңгімелесуден ешқашан бас тартпаймын. Барлық адаммен сыпайы және жайдары болу - менің мәдениетім", - деп жазды ол Желіде.

Ол тыңдарманының өтінішінен бас тартқанын айтады.

"Бірақ сол сәтте менің ойымда басқа нәрсе тұрды. Мен тіпті бұл өтінішке қалай жауап берерімді де білмедім. Мен санитарға "кешіріңіз, мен босанып жатырмын ғой. Мен сау бала тууым керек. Өтінемін, мұны ертеңге қалдыра аламыз ба?" дедім. Санитардың бетінен түңілгені байқалды. Біраз уақыттан кейін ол қайта жүгіріп келіп, ертең оның ауысымы емес екенін, суретке қазір түсуі керегін айта бастады. Мен оған суретке түсуден бас тартатынымды анық жеткіздім. Өзім қиналып, бір жағы қызымды тезірек көргім келіп, бір жағы демалғым келіп тұрды", - деді Айдана Меденова.

Келесі күні тағы бір қызық оқиға болыпты. Әнші әркімнің жағдайын ескеріп, жеке шекараға өтпеу маңызды екенін айтты.

"Келесі күні менің жанымда әпкем болды. Маған қолдау керек болды, өйткені босанғаннан кейінгі бірінші - апта ең күйзеліске толы, қиындау апта. Біздің палатаға санитар кірді, бірақ басқасы. Ол едендерді жуып болып, шығар алдында менімен суретке түсуге бола ма деп сұрады. Менің түрім ода-дода, шаршаған, қолымда балам бар. Адамның жай-күйі, түрі осындай сәтте суретке түсуге өтініш жасау дұрыс емес қой. Бірақ мен келісім бердім. Сөйтсем, санитардың артында 10 шақты адам кезек күтіп тұр екен. Санитар барлығы менімен суретке түскісі келетінін айтты. Бұл жерде енді маған бас тартуға тура келді, өйткені сурет жасауға шамам жоқ еді. Адамдар реніш білдіре бастады. Мен өзімді жайсыз, ыңғайсыз сезініп кеттім. Ана болудың алғашқы аптасындағы күйзеліске қоса, мен өзіме жасалған қысым мен көрсетілген құрметсіздікті сезіндім. Бір-біріміздің жағдайымыз бен жеке шекараларымызға мұқият болайықшы. Сонда бәріміздің де өміріміз жайлы болары анық", - деді әнші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети