Айсұлтан Сеитов АҚШ-та 21 Savage және J. Cole үшін бейнебаян түсірді

02 Ақпан, 11:32
0
 @zhamakthecat.
@zhamakthecat.

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов хип-хоп орындаушы 21 Savage-дың жаңа альбомындағы әнге бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түсірілім 2019 жылдың қаңтарында Атлантада өтті. Оған 21 Savage және рэпер J.Cole қатысты, олар бірге А lot трегін орындайды.

Бейнебаянда салтанатты кешкі ас пен ондағы қатысушылардың өміріндегі қиын сәттерден "флэшбэк" көрсетіледі.

Айта кетейік, 21 Savage (Шайа Бен Авраам-Джозеф) қазіргі заманғы хип-хоп сахнасының ең жарқын өкілдерінің бірі саналады.

Айсұлтан Сеитов Jah Khalib, Noize MC, Иван Дорн, сондай-ақ, бірқатар шетелдік және қазақстандық музыканттарға жасаған жұмыстарымен танымал.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай