22 сәуір 2022 15:23

"Басында аға-қарындас болып жүрдік". Өнердегі танымал жұптар қалай танысқан?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желідегі парақшаларынан алынған сурет Желідегі парақшаларынан алынған сурет

Өнер айдынында бас қосқан жұлдызды жұптар көп. Tengrinews.kz тілшісі өмірде де, өнерде де жұбын жазбаған ғашықтардың тізімін жасап көрді.


Өнер айдынында бас қосқан жұлдызды жұптар көп. Tengrinews.kz тілшісі өмірде де, өнерде де жұбын жазбаған ғашықтардың тізімін жасап көрді.

80-жылдары "Тамаша" әзіл-сықақ театры арқылы танымал болған Данагүл Темірсұлтанова Өнер институтында оқып жүргенде режиссер Райымбек Сейтметовтің баласы Азат Сейтметовпен бас қосқан. Олардың Айша және Айым атты екі қызы, Қайсар есімді ұлы бар. Айша - халықаралық деңгейдегі заңгер.

Суреттер danagultemirsultanova Instagram-парақшасынан 

"Тең-теңімен, тезек қабымен" деген сөз бар. Сол сөзді жақсы көрем. Адам өзінің теңін табу керек. Материалдық жағынан болса да, рухани жағынан болса да теңін табу керек", - деген еді актриса сұхбаттарының бірінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Данагуль Темирсултанова (@danagultemirsultanova)

Данагүл мен Азаттың кенже қызы - Айым Сейтметова блогер ретінде танымал. Оның 1 миллионнан аса оқырманы бар. Айым Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "музыкалық театр әртісі" мамандығы бойынша білім алған. Атасының, әкесі мен анасының өнері дарыған Айым 2015 жылдан бастап "Жібек", "Іңкәр жүрек", "Мезгілсіз махаббат", "Ана жүрегі", "Мажоры", "Инстаграмщица" секілді фильмдерге түскен. Әртістердің екі қызы да құтты орнына қонған. Актриса әрі блогер қыздары Айым 30 наурызда оқырмандарынан сүйінші сұрап, ана атанғанын жазды. 

Театр арқылы танымал болған отбасының бірі - қалың көпшілік "Күлпәш" есімі арқылы білетін Берік Тұрсынбеков пен Қарлығаш Исламқызы. Олар 1999 жылы "Шымкент шоу" театрының конкурсында танысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik Tursynbekov (@beriktursnbekov.official)

Сұхбаттарының бірінде Қарлығаш Берік туралы алғашқы ойын айтқан еді.

"Түрік пе, өзбек пе, қазақ деп ойлаған жоқпын. Бір бала қазақша сайрап тұр", - деді актриса Қарлығаш Исламқызы.

Кейін екеуі жақсы дос болып кеткен, тіпті Берік алғаш көңілін білдіргенде, Қарлығаш күлгенін айтады. Бірақ айналасындағылар арасындағы байланысты бірден сезген екен. Берік пен Қарлығаш 2000 жылы шаңырақ көтерген. Олар өнер әлемінде әлі де бірге, "Күлпәш" телесериалында, театр сахнасында, мерекелік концерттер мен бағдарламаларда бірге өнер көрсетеді.

Сурет beriktursnbekov.official Instagram-парақшасынан

Әртістердің ұлдары ержетіп қалған. Қарлығаш Желідегі жазбаларының бірінде ұлының арманын жеткізген еді.

"Мама, сізді өзімнің кинома түсіремін, сол кезде "Оскар" аласыз" дейді. Аллаһ тілеуіңді берсін, балам. Халықтың, әлемнің ықыласына бөленген туындыларың болсын. Атыңа сай, Аллаһтың сүйген құлы, халықтың мақтаған ұлы бол, азамат бол, Азамат", - деді актриса.
 

Сурет karlygashakhmetovaa Instagram-парақшасынан

Өнер әлеміндегі жұптың бірі - Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрманова. Олар мектеп қабырғасында жүргенде танысқан, Қайрат Бақыттан 2 сынып жоғары оқыған. Қайрат 1998 жылы алғашқы қоңырауда "Ағажан - Ләтипа" әнін орындаған Бақытқа ғашық болған екен. Қайрат басында "аға-қарындас болып жүргендерін" айтады. Олар 2006 жылы шаңырақ көтерген. 

"Үй болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды" демекші, жұлдызды жұп сұхбаттарының бірінде әзілдеп, 170 шаршы метр жаңа үйінің жөндеу жұмыстарына байланысты "үш рет ажырасып, төрт рет қосылатындарын" айтқан еді.

Сурет kairat_adilgerey Instagram-парақшасынан

Олар 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отыр. Желіде отбасылық қуаныштарының суреттерін жиі бөлісіп отырады.

Сурет bakyt_turman Instagram-парақшасынан 

Әнші Бақыт Тұрманның өзі де ең алғаш демалуға барған кезде Қайрат екеуі ғана барғанын, енді 6 адам болғанын жеткізген еді.

"Кенжеміз Елігай 1 жасқа толып, тұсауы кесілді. Тойласақ барымызды салып тойлайтын отбасылар қатарынан болғасын осы жолы ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, заманауи қазақ киім үлгісін насихаттау мақсатында, бала-шағамызға үлгі болсын деген ниетпен ұйымдастырдық. Қуанышымызды бөлісіп келген өнердегі, өмірдегі аға-апаларға, алыстан келген қонақтарға, жанашыр достарға мың алғыс. Әр отбасына бақ-береке тіледім!" - деп қуанышын бөліскен еді Бақыт Желіде.

Театрда танысып, бас қосқан отбасылардың бірі - Сәбит Әбдіхалықов пен Динара Абдуллина.

Жақында белгілі актер Сәбит Әбдіхалықов парақшасына ұлдарының сурет жариялап, "Бауырлар. Асылжан, Хақ-Назар, Абадан", - деп таныстырған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәбит Әбдіxалықов (@sabit_abdykalykov)

Хақ-Назар мен Абадан оның үшінші әйелінен туғаны белгілі. Бұған дейін Сәбит Әбдіхалықов белгілі эстрада әншілері - Айгүл Иманбаевамен және Алтынай Жорабаевамен үйленген еді. Сондай-ақ, сұхбаттарының бірінде "бұрынғы әйелдері ешқашан тастап кетті деп айтпайтынын" жеткізді. Айгүл Иманбаевадан Асылжан есімді ұлы, ал екінші жұбайынан 4 қызы бар.

Сонымен қатар, актер үшінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді.

"2 жыл Тұздыбастауда күйеубаламның үйінде тұрдым. Денсаулығыма байланысты қарындасым қарады. 2017 жылы театрды басқарып жүрген кезде көңіл жарастырдық. Жеңгеңіз де бірден келісе қойған жоқ. 1 жыл келіспей жүрді. Өйткені оған да "репутациясы жақсы емес, мақтанатындай репутация емес, 2 рет ажырасқан" деп әңгіме айтады ғой. Оның да ағайын-туысы бар. Жас қыз, 2 жылдай танып-білдік", - деген еді актер сұхбаттарының бірінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✧ ? ?????? ????????? ? ✧ (@dinchikabdullina)

Эстрададағы танымал жұптың бірі - Айқын мен Жұлдыз. Бұл - оның екінші рет шаңырақ көтеруі. Айқынның бірінші отбасынан Асылым мен Аңсар атты екі баласы бар. Бірінші жұбайы Әсел Төлепбергенмен университет қабырғасында танысқан екен. 

Жұлдыз сұхбаттарының бірінде Айқынға тұрмысқа шығарда атасы қатты ренжігенін айтты. Ал олардың арақатынасы 2015 жылы қазанда басталған. Бір қызығы Жұлдыз оның отбасылы ер азамат екенін білмеген. Сондай-ақ, Жұлдыз Айқынның бұрынғы әйелімен арақатынасын айтып берген болатын. 

"Айқын бәрін өзі жеткізіп, ажырасу процесін өзі бастап берген болатын. Әрине, басында әйелі барын білгенім жоқ. Кейбірі сенбей жатады. (...) Әселдің өзімен кездеспедім, бір шеті кездескім де келмейді. Кездескен уақыттың өзінде не деймін?" - дейді әнші.

"Айқын жеке ән жазуыма қарсы" 

Сурет zhuldyzomirgali_official Instagram-парақшасынан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

"Рауза" телехикаясы арқылы отбасы болған әнші, актриса Жарқынай Ханайым мен продюсер Баян Мақсатқызының жиені, актер Айдар Асқарбектің бір қызы бар. Есімі - Айлана. Алайда кейінгі кезде олардың отбасына қатысты Желіде түрлі қауесет тарап жүр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айлана ❤️ (@ailana_aidarkizi)

Қыздарының есімін Айдардың өзі қойған екен.

"Мағынасы "айдай әдемі" деген мағынаны білдіреді. Бұл есімді мен ұсындым, әке-шешеміз қарсы болған жоқ", - деді актер Айдар Асқарбек.

Өнерлі жұп отбасын құрғанға дейін көпшіліктен арақатынасын жасырған. Жарқынайдың продюсері Баян Мақсатқызына бұл арақатынасты жиенінің өзі жеткізіпті. Дегенмен киноның алдында Баян осындай қатынас құрмауға байланысты ескерту жасаған екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жарқынай Ханайым (@jarkynaixanaiym)

Әнші Альбина Шардарова мен шоумен, актер Бауыржан Сатовтың екі қызы бар. Олардың махаббаттары көпшіліктің алдында басталған. 

Бауыржанның айтуынша, бәрі Тараздағы концерттен бастау алған. Алғаш Қуандықпен ән айтып жүрген кезде байқаған, ал Бауыржан сол концертте жүргізуші болған. 

"Бауыржан аға, Тәуекел аға, суретке түссек бола ма?" деді. Сол кезде сездім", - деді актер алғашқы сезімі туралы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Baur Satov (@baurzhansatov)

Бауыржан екінші қызы дүниеге келгенде, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Ал кейінгі сұхбаттардың бірінде гендер патиге қатысты сұраққа жауап берді.

"Гендер пати жасайтын күні 100 пайыз ұл болатынына кәміл сендім. Ұлды қалаған жоқпын. Мен солай ойладым. Өйткені ультрадыбыстық тексеріс кезінде дәрігерлер, Альбинаны қарап жүрген дәрігерлер "ұл" деді. Бір кезде қарасам, қызыл ма, қызғылт па шықты. Түсінбей қалдым. Тәуекел тура келіп, бетімді түсірді. Мен түсінбей тұрмын. Жағдайды әлі қабылдап жаттым. Шын мәнінде, видеодан қарасам "қыз" деп көңілім түскен сияқты көрінді", - деді ол.

"Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім"

Еске салайық, бұған дейін де махаббат айдынында қос аққудай қалықтап, өнерде де, өмірде де серіктеріне айналған жұлдызды жұптар туралы жазған болатынбыз. 

"Ажырастым деген құжатын көрсетті". Өнердегі танымал жұптар қалай бас қосқан?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети