Баян Мақсатқызы Бақытбек Есентаевпен соңғы рет қалай сөйлескенін айтты

05 Шілде 2017, 17:16
0
Баян Мақсатқызы Бақытбек Есентаевпен соңғы рет қалай сөйлескенін айтты - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Баян Есентаева өзінің жеке өмірі жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, неліктен әлі күнге дейін кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шықпай жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз жеке өмірім жайлы сұрақтарды қойып үлгергіңіз келіп тұр ма? (күледі). Тойдың кейінге қалуының себебі жеке мәселелер болып тұр, яғни, Тұрсынғали Алагөзов әлі күнге дейін ажыраса алмай жүр. Заңнамаға сәйкес, егер бір тарап қарсы болса, ерлі-зайыпты жарты жыл уақытқа дейін ажыраса алмайды. Сондықтан ажырасуға қатысты соңғы сот отырысы 16 тамызға белгіленді. Олар бұл жолы да ажыраспайтын болса, меніңше, бұл мүлде заңсыз болады. Міне, үйлену тойымыздың кейінге қалуының себебі осында", - деді продюсер.

Сондай-ақ, Баян Есентаева бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған соңғы әңгімесі жайлы айтып берді.

"Бұрынғы күйеуіммен болған әңгімені соңғы деп санамаймын, себебі біз бір-бірімізге дұшпан емеспіз. Менің ойымша, сен адекват адам бола тұра, онымен қоса ол адамнан екі балаң бар, балалар онымен телефонмен сөйлесіп тұрады, жағдайын сұрап, барып та тұрады. Меніңше, онымен осылайша қоштаса салу дұрыс емес. Сондықтан да ол біздің соңғы әңгімеміз емес. Біліп отырған шығарсыздар, бұл жеке мәселе (Бақытбекпен не жайында сөйлескеніміз - автор). Сіздерге айтатыным, біз бір-бірімізге балағат сөздер айтқан жоқпыз. Осыған дейін 22 жыл қалай өмір сүрдік, солай онымен сабырға салып сөйлестім", - дейді Баян Есентаева

Сонымен қатар, Баян Есентаева тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсететін қоғамдық ұйымның атауын таңдауға көмек көрсетуді ұсынды. Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйым тіркеу процесінен өтіп жатыр. Ұйым кітап сатылымынан түскен қаражатқа қаржыландырылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін наурыз айында Тұрсынғали Алагөзов өзінің ажырасуы жайлы айтып берген болатын. "1 ақпанда мен ресми түрде ажырасуға арыз жаздым. Бұрынғы әйелім неке туралы куәлікті бермеді, сондықтан мен ХҚКО-ға барып, неке туралы куәліктің көшірмесін алдым. Осыдан кейін сотқа бардым, ажырасқым келетіні жайлы ресми хат жаздым. Бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Оның үстіне мүлікті де бөлісіп қойдық, балаларымыз кәмелет жасына толған", - деп мәлімдеген еді Алагөзов.

Ал кейінірек Ляйсира Алагөзованың Тұрсынғали Алагөзовпен ажырасу туралы арызын қайтарып алғаны хабарланған болатын. Соттағылардың айтуынша, бірінші болып ажырасу туралы арызды 1 ақпанда Тұрсынғали Алагөзовтің әйелі Ляйсира Алагөзова берген.

Алагөзова болғым келеді. Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің тұңғыш сұхбаты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай