Тұрсынғали Алагөзов: Ажырасамын. Мүлікті бөлісіп қойдық

01 Наурыз 2017, 19:27
4
Тұрсынғали Алагөзов: Ажырасамын. Мүлікті бөлісіп қойдық - Тұрсынғали Алагөзов
Тұрсынғали Алагөзов

Тұрсынғали Алагөзов өзінің ажырасуы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 ақпанда мен ресми түрде ажырасуға арыз жаздым. Бұрынғы әйелім неке туралы куәлікті бермеді, сондықтан мен ХҚКО-ға барып, неке туралы куәліктің көшірмесін алдым. Осыдан кейін сотқа бардым, ажырасқым келетіні жайлы ресми хат жаздым. Бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Оның үстіне мүлікті де бөлісіп қойдық, балаларымыз кәмелет жасына толған", - деп мәлімдеді ол.

"14 ақпанда мен біржақты арыз түсірдім. Төрт күн ішінде судья тағайындалды. Бүгін бірінші сот тыңдауы өтті, оның барысында ол "Сіздің әйеліңіз тараптардың татуласуы туралы өтініш түсірді" деді. Мен татуласудың болмайтынын айтып, ажырастыруды сұрадым. Судья "жақсы, 9 наурызда келіңіз" деп жауап қатты", - деді ол Тұрсынғали Алагөзов.

Осыған дейін Ляйсира және Тұрсынғали Алагөзовтердің ажырасу процесі өтіп жатқаны хабарланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай