24 қараша 2017 18:53

Бес баланың анасы болғым келеді - Ақбота-Нұр Сейітмағамбет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/akbotanurabaykyzy © instagram.com/akbotanurabaykyzy

"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет "The Эфир" жобасында Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"КешYou" тобының экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет "The Эфир" жобасында Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сұхбатта әнші 1996 жылы дүниеге келгенін және қырқынан шыққанда ата-анасының Кентау қаласына көшіп барғанын баяндады. "Содан бері осы қалада 16 жыл тұрып, сонда білім алып, 16 жасымда Алматыда оқуға түстім. 7 жыл скрипка білімін бітірдім, 5 жыл би, сосын 4 жыл музыкалық білім алдым. Тағы да Алматыдағы эстрада-цирк колледжінде вокал мамандығын тәмамдадым. Білімім орта, келесі жылы оқуға түсемін деп отырмын. Биыл дипломымды да алдым, бала босандым, енді үлгермедім, сондықтан келесі жылға қалдырдым", - дейді ол.

Жүргізушінің "Бала кезіңде не армандадың?" деген сұрағына ол былай деп жауап қатты: "Бала кезімде үлкен отбасын армандадым. Толық отбасыда болғым келді. Үш жасымда әкем, тоғыз жасымда анам дүниеден өтті. Өзім үш күн толғатып, босандым. Жүктілігім өте ауыр болды, 6-7 рет ауруханаға түстім. Мен бес баланың анасы болғым келеді. Мектеп кезінде 1-2 бала босансам болды деп ойлаған едім. Енді өзіме таяқ болып тиді, сіңілім жоқ, әпкем жоқ, бір ғана бауырым бар". 

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы жайлы ашып айтты. "The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook және Instagram желісінде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети