1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген I’m a Singer гала-концертінде қонақ болды

© instagram.com © instagram.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен "I Am a Singer" музыкалық байқауының гала-концертіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

"Бүгінгі кештен. Осыдан бір жыл бұрын өзім бақ сынаған "I am а singer" жобасының соңғы гала-концертінде қонақ есебінде қатысар алдындағы қызыл кілеммен көрініс", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауына қатысқаннан кейін бұл елде танымал болды. Кейін Қытайда екі мәрте жылдың ең танымал әншісі атанды.