25 ақпан 2017 13:40

Димаш Құдайбергеннің Астанаға не себепті келгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/kudaibergenov.dimash instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қытайда I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Астанаға не себепті ұшып келгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайда I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Астанаға не себепті ұшып келгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, Димаш Құдайберген мен Hunan TV арнасының түсірілім тобы Астанаға Қазақстан туралы, орындаушының туған жері жайлы сюжет түсіруге келіпті. Сюжет қытайлық телеарнада көрсетіледі. Бұл роликте әнші өз елін таныстырады.


Алпамыс Шаримов

Сондай-ақ, Шаримовтың айтуынша, түсірілім тобы мен әнші ертең, 26 ақпанда Ақтөбе қаласына барады. Ал 27 ақпанда қайтадан Қытайға жол тартады екен.

Ал әншінің анасы Светлана Айтбаева "Мой ГОРОД" порталына берген сұхбатында Димаш Құдайберген мен түсірілім тобының келуі жайлы толығырақ айтып берді. Әншіні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алады екен.

"Осы бір-екі күннің ішінде қытайлық журналистер біздің отбасымыз жайлы, Димаш оқыған мектеп пен музыкалық колледжде түсіріп үлгеруі керек. Баламыз таэквандомен айналысқан спорт мектебінде де түсірілім жұмыстары өтеді", - деді Айтбаева. Осыдан кейін, анасының айтуынша, қытайлық журналистер Димашты ат үстінде түсіру үшін ипподромға барады, себебі қытайлық жанкүйерлер әншіге "Қазақтың қанаты" деген ат беріпті.

Ал осыған дейін әншінің PR-директоры әншінің Астанаға ұшып келгенін хабарлаған еді. "Бітпеген шаруаларды әуеде бітіруге тура келеді. Бір-екі күнге Отанға келіп жатырмыз. Ешқандай БАҚ-пен кездесу, арнайы фан кездесулер мүмкін емес. Бәрі жоспар бойынша! Түсірілім! Түсіністікпен қарағандарыңызға раxмет!!! Мен Астанадамын!!!", - деп жазған еді Шаримов Instagram желісіндегі парақшасында.

Бүгін, сенбіде шоудың алтыншы туры көрсетіледі. Бұл жолы әнші Лара Фабианның репертуарынан "Адажио" әнін орындайды. "Тұңғиық сезім - ерекше әсер Сіздерге көңіл-күйімнің шапағатын сыйлайды деп ойлаймын!.. Сенбі 25 ақпан 20:05 (Астана уақыты); 22:05 (Бейжің уақыты) Hunan TV арнасында #IAmSinger бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді әнші. 

Ал келесі турда Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университеті ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен халық әні - "Дайдидау" әнін орындайды. Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауы 14 кезеңнен тұрады.

Еске салайық, осыған дейін Димаш Құдайберген Қытайдың Hunan TV арнасындағы I am a Singer байқауының бесінші кезеңінде өнер көрсетіп, Бруно Марс пен Марк Ронсонның "Uptown Funk" атты әнін орындаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети