10 қаңтар 2017 13:27

"Дом-2" реалити-шоуы Қазақстанда кастинг өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 3dig.ru © 3dig.ru

Қазақстанда танымал "Дом-2" реалити-шоуының түсірілімдері басталады. Астанада кастинг өткізу үшін бағдарламаның қазіргі кастинг директоры Андрей Черкасов келеді, - деп хабарлайды VistaNews.ru.


Қазақстанда танымал "Дом-2" реалити-шоуының түсірілімдері басталады. Астанада кастинг өткізу үшін бағдарламаның қазіргі кастинг директоры Андрей Черкасов келеді, - деп хабарлайды VistaNews.ru.

Басылымның мәліметінше, тележоба өзінің жұмыс аясын кеңейтпек. "Енді тележоба ұйымдастырушылары реалити-шоуға жаңа қатысушыларды таңдау үшін Қазақстанда кастинг өткізуді жоспарлап отыр", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, танымал телешоудың жаңа маусымы жақын арада басталады. Тележоба өкілдері кастингтің Астанада басталатынын айтты. Қатысушыларды іріктеу кезеңін жобаның жаңа директоры Андрей Черкасов жүргізеді.

Басылымның мәліметінше, Андрей Черкасов шоуға жаңа адамдарды шақыру үшін Қазақстанға арнайы келмекші.

Сондай-ақ, "Dni24.com" басылымы жобаның көрермендеріне сілтеме жасай отырып, Ресей тұрғындарының бұл бағдарламаға қатысқысы келмей қалғанын жазып отыр.

"Андрей жобаға "көкек аналарды" қатыстырмайды, яғни, енді "Дом-2" жобасына қатысу үшін балаларын тастап кетіп жатқан әйелдер қатыспайды. Сондай-ақ, Черкасов әлеуметтік желілерге өздерінің ашық-шашық суреттерін жүктеген қыздарды да жаңа кастингке қатыстырмайтынын айтты", - деп жазады "7 Новости"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети