Ескендір Хасанғалиев немерелі болды

07 Шілде 2015, 18:53
0
© instagram.com/birjan_khassangaliev
© instagram.com/birjan_khassangaliev

Ескендір Хасанғалиев немерелі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші әрі композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Әнші Біржан Хасанғалиев ұлының өмірге келгені туралы хабарлап, сүйіншіні әлеуметтік желі қолданушыларынан 7 шілдеге қараған түні сағат 00.30 шамасында сұрады. "Жаңа ғана ұлым өмірге келді!!! Әумин!", - деп жазды ол.

Мұндай қуанышпен әнші Сәкен Майғазиев те бөлісті. Ол Instagram-дағы парақшасы арқылы әріптесін құттықтады. "Хасанғалиевтер әулетiндегi қуаныш құтты болсын! Алтын асықтай ұл ұлтының жанашыры болып өскей", - деп жазды Майғазиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Ерлан Орынбасаровтың ұлды болғаны хабарланған еді. Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария етті. "Сүйiншi ағайын!!! Баяным Ұл сыйлады!!! Салмағы 3 келі 66 грамм!!! 7.07.2015", - деп жазды әнші жүктеген суретінің сипаттамасында. 


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай