13 мамыр 2018 | 13:08

"Евровидение" финалында белгісіз біреу сахнадағы әншінің қолынан микрофонды жұлып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP/Getty Images/Francisco Leong © AFP/Getty Images/Francisco Leong

"Евровидение" ән байқауы кезінде ұлыбританиялық әншінің қолындағы микрофонды көрермендердің бірі жұлып алды, деп хабарлады lenta.ru.


"Евровидение" ән байқауы кезінде ұлыбританиялық әншінің қолындағы микрофонды көрермендердің бірі жұлып алды, деп хабарлады lenta.ru.

Порталдың хабарлауынша, көрермендердің бірі сахнаға жүгіріп шыққан. Ол кезде әнші SuRie (Сюзанна Мари Корк) "Евровидение" финалында өнер көрсетіп тұрған. 

"Тоғызыншы номердегі әнші Storm әнін орындап тұрды. Күтпеген жерден ер адам жүгіріп шығып, оның қолындағы микрофонды жұлып алып, бірдеңе айтпақшы болды. Күзетшілер оны ұстап, алып кетті. Әнші SuRie әнін жалғастырды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Лиссабонда 12 мамырда "Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының финалы өтті. Финалда 26 әнші өнер көрсетті, олар - "Үлкен бестік" елдерінің (Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания) және шараны өткізген Португалияның намысын қорғаған өнерпаздар. Концертті Бірінші арна трансляциялады.

Кәсіби әділ қазылар мен телекөрермендердің дауыс беруі нәтижесінде байқаудың бірінші орыны Израиль әншісі Нетта Барзилайға бұйырды. Ол YouTube желісінде суперхит болып, клипі 25 миллион көрілім жинаған Tоу композициясын орындады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети