Желіде Ninety One тобы туралы фильмнің трейлері пайда болды

12 Шілде 2017, 21:11
1
Желіде Ninety One тобы туралы фильмнің трейлері пайда болды -

Желіде Ninety One тобы туралы фильмнің трейлері пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, толықметражды фильм 2017 жылдың 24 тамызында көрсетіледі.

Автобиографиялық картина көрермендерді қазіргі уақытта Қазақстанда ең танымал топтардың бірінің пайда болу тарихымен таныстырады.

"Бұл фильм көрермендерге музыкалық ұжымның шығармашылық жолымен танысуға, сценалық шоулардың қалай жасалатынын және олардың күнделікті өмірде немен айналысатынын көруге мүмкіндік береді. Жарқын, айқын әрі шынайы көрініс болады", - дейді фильм авторлары.

Айта кетейік, фильмнің режиссері - Асқар Ұзабаев. Ол "Гламур для дур", "Осторожно, корова!" және "Ғашық жүрек" фильмдерімен танымал.

Сондай-ақ, осыған дейін Ninety One тобы туралы фильмнің авторлары түсірілім кезіндегі қиындықтар жайлы айтып берген болатын.

Топтың продюсері Ерболат Беделханның айтуынша, бұл фильмді ол Q-pop музыкалық бағытын насихаттау үшін түсіруді шешкен. "Бұл біз үшін өте маңызды, себебі біз тек өзіміздің музыкамызды емес, сондай-ақ, 100 пайызға қазақстандық бренд болған Q-pop бағытын насихаттаймыз. Бұл фильм осы бағытты насихаттау үшін өте қажет. Сонымен қатар, бейнебаяндарды да түсіру керек және радиодан осы бағыттағы өлеңдерді қойып отыру керек. Қазақ тіліндегі контент көп болуы керек. Сонда ғана біз өз елімізді өзіміздің музыкамызбен қамтамасыз ете аламыз (...)", - деген еді Беделхан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай