30 мамыр 2022 10:46

"Жұмыста тақуа, демалыста бардан шықпайтындар аз емес". Жан Мұқанов ИК мен Shiza-ны кешіруді сұрады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Танымал продюсер Жан Мұқанов "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі мен әнші Shiza-ны Алматыдағы концерттегі бейәдеп қылығы үшін біржолға кешіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал продюсер Жан Мұқанов "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі мен әнші Shiza-ны Алматыдағы концерттегі бейәдеп қылығы үшін біржолға кешіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, ИК мүшесі ресми түрде кешірім сұрады, тіпті мас болғанын мойындады. "Ал мұндайды көбі айта бермейді". Бұл туралы продюсер Instagram-да жазды.

Жан Мұқанов ИК әрдайым батыл жігіттер қатарынан болғанын айтты. Ол топты айыптап жатқан желі қолданушыларына "бәрі жас болғанын, жас кезде адам көп қателік жіберетінін және бұл адамдарды кінәлауға себеп емес" екенін айтты. 

"20 жылдық жұмысымда әртістердің 90 пайызын мас, бейәдеп сөздер айтқан, адекват емес күйде көрдім. Жұмыс күндері тақуаның маскасын киіп, демалыста бардан шықпайтындар аз емес", - дейді продюсер.

Жан Мұқанов ИК тобын тәжірибелі, өте танымал және керемет әртістер, ал Shiza-ны ньюсмейкер дей келе оларды кешіріп, әрі қарай жүрейік деді.

"Ал мұндай жағдай екінші рет қайталанса, мен мүмкіндігім жеткенше барлық әртісті барлық алаңнан алып тастаймын", - деді ол.

Оның сөзінше, жігіттер кешірім сұрап, қоғамдық жазаға тартылуы керек. Продюсер осы концерттен түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды, алайда олар онсыз да мұқтаж адамдарға аз көмектеспейтінін айтты.

"Менің алаңдайтыным, біздің музыка индустриясы нарығы онсыз да құлдырады, көбісі кетіп қалды, басқа елдерде тұрады. Бұл балалар барлық қиындыққа қарамастан музыка жасап, үйінде өсіп келеді. Көпжылдық еңбекті бір ақымақтықпен жоққа шығарып алмайық", - деп сөзін қорытындылады Жан Мұқанов.

Еске салайық, "Ирина Кайратовна" тобының мүшелері мен Shiza лақап атымен белгілі әнші Асхат Жолшиев сынға қалған еді. 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында "Ирина Кайратовна" мен Shiza-ның концерті өткен. Желі қолданушылары "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтады. Ал әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырып жіберген.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети