17 мамыр 2022 12:09

Қайрат Нұртас пен Жұлдыздың жаңа клипі қызу талқыға түсті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әнші Қайрат Нұртас су жаңа әніне түсірілген клип тизерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Қайрат Нұртас су жаңа әніне түсірілген клип тизерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үзіндіден ән махаббат туралы екенін аңғаруға болады. Бейнебаянға әншінің жары Жұлдыз Абдукаримова түскен. Кадрларда Қайрат пен Жұлдыз бақытты жұп. Ал клиптің өзі шабындық жерде түсірілген.  

Әншінің жанкүйерлері бейнебаянмен қатар, оған Жұлдыз түскеніне қуанып жатыр. 

"Сіздер үшін өте қуаныштымын", "Урааааааа!", "Бақытты болыңдар", "Аллам мәңгі бірге болуды жазсын", "Қайрош, осылай салып тұрсаңшы Джулиді", "Әйтеуір салды ғой", "Керемет жұп", - дейді олар.

"Отбасыңызда береке, жақсылық, қуаныш болсын, махаббаттарыңыз берік болсын, араларыңыздан сыйластык кетпесін", - деп ақ тілегін білдіргендер де жоқ емес. 
 
"Бұл не фильм" деп сұраған адам да табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Жұлдыз Абдукаримова да осы клипте түсірілген кадрлары бар видео жүктеді. Онда актриса өлең оқиды. 

"Мені күткен бір бақыт бар сияқты, ерте жеткім келеді...", - деп жазған ол Instagram-да.

Бұл өлең жолдары видеода айтылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Еске салайық, жұлдызды жұп Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукаримованың арақатынасы халық арасында талқы болған еді. Оқырмандар Қайрат пен Жұлдыз біраз уақыт бірге болмаған деп топшылаған. Гүлзира Айдарбекова "араларына жалмауыздар түсіп жалмағанын" да айтқан еді. Десе де, жақында "1001 түн" бағдарламасында әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков балалары қосылғанын мәлімдеді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети