Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандық актер Comedy Club резиденттерінің клипіне түсті

02 Қараша 2014, 13:20
0
Андрей Кочинов.
Андрей Кочинов.

Қазақстандық актер Андрей Кочинов Comedy Club резиденттері - USB (United Sexy Boys) тобының "Тирольский секрет" әніне жазылған клипке түсті, - деп жазады "Экспресс-К". Роликті жарты миллион қолданушы қарап үлгерген. 

Қыркүйек айында Алматыдағы Лермонтов атындағы драма театрының әртісі Андрей Кочинов Мәскеуге көшіп кетті. Актер екі сериал мен USB тобының клипіне түсіп үлгерді. Клипте австриялық деревняның бүкіл әйелінің жүрегін жаулаған еркек болып ойнады. Әзіл-қалжыңға құрылған бейнероликтерімен танымал United Sexy Boys тобының бұл клипі үшін Кочинов пен бес сұлуға Австрияның ұлттық костюмдері арнайы тігілді. "Маған USB тобымен жұмыс істеген қатты ұнады. Олар - өз істерінің нағыз кәсіпқойлары", - дейді қазақстандық актер.

Айта кетейік, Кочинов Михаил Щепенко жетекшілік ететін орыс драмасы труппасында да жұмыс істеп жүр. Щепенко - Гиннесстің рекордтар кітабына діни білімі бар жалғыз режиссер ретінде енген адам. Щепенко орыс реалистік театры дәстүрлерін ұстанып, Вахтангов мектебі қағидаларын жетілдіріп жүр. Оның қойылымдары адамның ішкі әлеміне үңілуден және терең психологизмнен тұрады.

Андрей Кочиновтың Мәскеу театры сахнасындағы дебюті екі апта бұрын болды - ол "Патша жолы" қойылымында бояр Мстиславскийдің және "Федор Иоаннович патша" спектаклінде Андрей Шуйскийдің ролінде ойнады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай