"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды

27 Қазан 2015, 19:16
0
"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды - Айдана Меденова
Айдана Меденова

"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші мен оның күйеуі Әлішер Нұржанов тұңғыштарын Әмина деп атауды жөн көріпті.

"Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi! Ол әрине әрбiр қыз баланың армандағанындай өмiрге сәби әкелу, Ана болу бақыты. Алланың қалауыменен бiздiң отбасымызға, жанұямызға кiшкентай бүлдiршiн, тұла бойы тұңғышымыз Әмина атты қызымыз дүниеге келдi! Бiрақ бұл қуанышымды сiздермен бөлiсуге асықпаған себебiм, әр нәрсе өз уақытымен болғаны дұрыс деп шештiм. Өздерiңiз бiлесiздер қазақтың ырымыменен балаға қырық күн толмай артық көзден, сөзден қорғағандықтан қуанышты хабарымды жеткiзуге асықпадым. Сiздер менi түсiнедi деген сенiмдемiн! Бiз сiздермен әрқашанда бiргемiз!", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Айдана Меденова мен продюсер Әлішер Нұржановтың үйлену тойы 22 наурыз күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен болатын.

Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева "КешYou" тобынан 2015 жылдың ақпан айында кетті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай