07 қыркүйек 2018 09:15

Кети Топурия ресейлік рэпер Гуфпен қарым-қатынасы жайлы айтып берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/keti_one_official © Instagram/keti_one_official

A' Studio тобының солисі Кети Топурия ресейлік рэпер Гуфпен (Алексей Долматов) қарым қатынасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші Сочидегі "Новая волна" фестиваліне музыкасыз келді. 


A' Studio тобының солисі Кети Топурия ресейлік рэпер Гуфпен (Алексей Долматов) қарым қатынасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші Сочидегі "Новая волна" фестиваліне музыкасыз келді. 

"Леша мұндай көпшілік шараларды ұнатпайды. Мен оны көндіруге тырыстым, бірақ ол "жоқ" деді. (...) Сағыну - күшті сезім емес пе! Екі апта көріспесек, ол жаман, ал екі-үш күн - тамаша. Түсінесің бе, сол кезде адам жалықтырмайды", - деді Кети Топурия. Видео Instagram әлеуметтік желісінде peopletalkru парақшасында пайда болды. 

Былтыр ресейлік БАҚ өкілдері әртіс Гуфпен жасырын кездесіп жүр деп қауесет таратқан. Сол кезде таблойдтар тұрмыс құрған әнші рэпермен Тайландтағы Самуи аралында жаңажылдық демалысын өткізді деп хабарлаған. Кейіннен Кети күйеуі Лев Гейхманмен айырылысып кеткені белгілі болды.

Қазір жұп қарым-қатынасын жасырмайды және Instagram әлеметтік желісіне ортақ суреттерін жүктеп отырады. 

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Все сложно

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети