25 наурыз 2017 20:27

Қытайлық жанкүйерлер ата-анасын сағынған Димаш Құдайбергенге ерекше тосынсый жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің отбасы. © Жанкүйерлердің сыйлығы Димаш Құдайбергеннің отбасы. © Жанкүйерлердің сыйлығы

Қытайлық жанкүйерлер қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге өзінің және отбасының сувенирлерін сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.


Қытайлық жанкүйерлер қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге өзінің және отбасының сувенирлерін сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

Шаримовтың айтуынша, әнші қытайлық жанкүйерлерімен кездескен. Осы кездесуде тыңдармандар Димаш Құдайбергеннің және оның отбасының сувенирлері шыққанын айтып, өзіне сыйлаған. Жанкүйерлер әншінің ата-анасын сағынып жүргенін ойлап, осындай сый жасағанын айтыпты. "Қаншадан сатылып жатырғанын білмейміз. Фанаттар келіп "Димаш үйдегілерін сағынып жүр ғой" деп осындай сыйлықтар сыйлады", - деді әншінің өкілі.

Сонымен қатар, әншінің жанкүйерлері балалар үйіне барып, Димаш Құдайбергеннің атынан қайырымдылық жасапты. Фан-топ өкілдері балаларға азық-түлік, дәмді тамақтар мен сүт апарып берген екен. 

Сый-сыяпатпен қатар, балаларға Димаш Құдайбергеннің тілегі жеткізілген. Тілекте "Сендердің аман-есен ер жетулеріңді тілеймін. Димаш Құдайберген" деген жазу қытай және қазақ тілінде жазылған. Ал төменде фан-топтың атынан "Балақайлар, сүтті көп ішсеңдер Димаш ағаларың сияқты талантты болып ер жетесіңдер" деп жазылған. 

Димаш Құдайбергеннің сүт ішіп отырғаны бейнеленген суреттің сүт ыдыстарының үстіне жабыстырылып, балаларға таратылыпты.


© Алпамыс Шаримов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети