Қызылордалық студент "Ғалам аруына" қатысады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Камилла Серікбай Камилла Серікбай

Қызылордалық Камилла Серікбай сәуірге жоспарланған "Ғалам аруы" халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордалық Камилла Серікбай сәуірге жоспарланған "Ғалам аруы" халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан намысын қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауы бұған дейін Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі шоуды 2021 жылға ауыстыруды шешкен. Коронавирус пандемиясының осы қиын кезеңінде жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылардың барлық назары қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Осындай күрделі кезеңде "Қызылорда аруы - 2019" - 18 жастағы Камилла Серікбай өзінің батылдығымен және басқаларға көмектесу ниетімен ерекшеленді. Сондықтан "Қазақстан аруы" байқауының дирекциясы оны "Ғалам аруы-2021" байқауына жіберуді жөн деп шешті. "Біз оның елімізді халықаралық "Ғалам аруы" байқауында лайық түрде көрсететініне сенімдіміз", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Камилла Серікбай 2019 жылы "Қызылорда аруы" атағын жеңіп алған. Сүлеймен Демирел атындағы университетте "қолданбалы құқық" мамандығы бойынша оқиды. Бала кезінен каратэмен айналысады, спорт шебері. Ол БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болуды армандайды.

"Ғалам аруы" (Miss Universe) - бұл жыл сайынғы халықаралық сұлулық байқауы. Әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі саналатын ол "Әлем аруы", "Халықаралық ару" және "Жер аруы" байқауларымен қатар "Үлкен төрттікке" енеді. 1996 жылдан 2015 жылға дейін Дональд Трампқа тиесілі болған. Кейін байқауды голливудтық импресарио Ари Эмануэльге сатқан.

2019 жылдың 8 желтоқсанынан бастап "Ғалам аруы" атағы ОАР өкілі Зозибини Тунзиде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer