Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші мен әзілкешті сотқа берді

29 Тамыз, 20:40
0
Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші мен әзілкешті сотқа берді - Ләйлә Сұлтанқызы. instagram.com/sultankyzy
Ләйлә Сұлтанқызы. instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сұлтанқызының адвокаттарының айтуынша, сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болған. 

"Конституцияның 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Жеке адамның қадір-қасиеті жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің нормаларымен қорғалады. Олардың арасында жала жабу және адамды қорлау. Егер адамның "пікірі" болса, онда ол басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын шеңберден шықпауы тиіс", - деп мәлімдеді Ләйлә Сұлтанқызының құқыққорғаушылары.

Сотқа шағым түсіргенін Instagram желісінде Ләйлә Сұлтанқызының өзі де жазды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Құрметті оқырмандар! Сіздермен біраздан бері жиналған, сұрауы көп, жауабы болмаған ақпаратпен бөліскім келеді. Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Қызметте жүргендер, өнерде, өмірде...кім болсаңыз да бастысы бір нәрсені ұмытпаңыз. Әр адам өз ҚҰҚЫҒЫН білу керек, ҚОРҒАУ керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем. Бірақ, көбіне әр істің де, сөздің де сұрауы бар екенін, сұратуға ЗАҢ бар екенін ескермейміз. Бұл жайлы елбасы да айтты, қалың жұрт та жақсы біледі. ⠀ Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты. ⠀ Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына ҚҰҚЫҒЫ БАР! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ! Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ! Сол себепті, ендігі кезек сот процессінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабымен бөлісемін... @abzalkuspan сізге рақмет???????? ⠀ #жауапберетінкезкелді #үндемейдіекендепулайтындарға #шындықтыбілмейжатып #шешімқабылдауғаасықпаңыз #аңдапбасыпбайқапсөйлейік

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

"Құрметті оқырмандар! Сіздермен біраздан бері жиналған, сұрауы көп, жауабы болмаған ақпаратпен бөліскім келеді. Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Қызметте жүргендер, өнерде, өмірде... кім болсаңыз да бастысы бір нәрсені ұмытпаңыз. Әр адам өз ҚҰҚЫҒЫН білуі керек, ҚОРҒАУЫ керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем. Бірақ, көбіне әр істің де, сөздің де сұрауы бар екенін, сұратуға ЗАҢ бар екенін ескермейміз. Бұл жайлы Елбасы да айтты, қалың жұрт та жақсы біледі. Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты", - деп жазған ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ. 

"Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына ҚҰҚЫҒЫ БАР! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ! Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ! Сол себепті, ендігі кезек сот процесінде. Келесі постта адвокаттарымның ресми жауабын бөлісемін... @abzalkuspan сізге рақмет, - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай