31 қазан 2018 15:29

Медет Шаяхметов ресейлік әншіге бейнебаян түсірді

© ВКонтакте

Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов Feduk атымен танылған ресейлік орындаушы Федор Инсаровқа музыкалық бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссер Медет Шаяхметов Feduk атымен танылған ресейлік орындаушы Федор Инсаровқа музыкалық бейнебаян түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шаяхметовтың айтуынша, "По волнам" әніне бейнебаян Мәскеуде түсірілген. 18 сағатқа созылған түсірілім қыркүйектің 19-20 аралығында болған. Қалған postproduction жұмыстары Алматыда жүргізілген. Монтажға екі апта уақыт кеткен. 

Реклама
Реклама

"Бейнебаян түсіру келіссөздері тамыздың соңында басталды. Клиптің стилі  эксперименталдық болды, бірнеше техникалық шешімді қабылдадық", - дейді Шаяхметов. 

"Мысалы, біз бейнебаянды басынан аяқ үш түрлі пленкаға түсірдік: super 16, 16 mm және 8 mm. Соңғысына өзім түсірдім. Кейбір сценалар 360 камерасына түсірілді, маған кадрдың шекарасын бұзған ұнайды және видеоны қарау кезінде жаңа сезімдер пайда болады", - дейді режиссер. 

Видео авторының айтуынша, қыркүйектің соңында Мәскеуде күн суық болған. 

"Негізгі атмосфера жаз, жылы ауа райы және қуаныш сезіміне бағытталды. Түсірілім болатын күні күн шықты, ауа температурасы 20 градусқа дейін көтерілді. Түнгі түсірілімдер су астында болды, әрине, ауа температурасының төмен болуына байланысты қиындықтар болды. Актерлер гидрокостюм киюге мәжбүр болды. Алайда барлығы да сәтті шығып, тосын жайсыз өтті", - дейді Медет. 


Суреттерді Медет Шаяхметов жолдады

Осыған дейін Медет Шаяхметов Алматыда ресейлік хип-хоп орындаушы Элджейге бейнебаян түсірген еді. Сондай-ақ, қазақстандық рэпер Loc-Dog пен әнші Елканың бірлескен әніне клип түсірген болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram