22 тамыз 2015 11:42

"МузАрт" тобының мүшелері шаштарын неліктен сыпырып алып тастағысы келетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

"МузАрт" тобының мүшелері шаштарын сыпырып алып тастауының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"МузАрт" тобының мүшелері шаштарын сыпырып алып тастауының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Телефон арқылы хабарласқан тілшімізге танымал топтың әншісі Сәкен Майғазиев былай деп пікір айтты. "Бұл әрине, әзіл ретінде, негізі идеяны Мейрамбек шығарыпты. Өздеріңіз білесіздер, келесі жылы "МузАрт" 15 жылдығын тойлайды. Міне, сондай әдемі күндерге жеткізсін. Шашты сыпырып алып тастайтынымыздың бір себебі - шүкірлік. Шүкіршілік етуіміз, сол жеткенімізге тәубе деуіміз", - деді Майғазиев.

Оның айтуынша, 15 жылдық мерейтой келесі жылы топтың құрылған айы - сәуірде концертпен атап өтіледі. Әншінің айтуынша, шашты сыпырып алып тастау идеясына "МузАрт" тобының аспапта ойнайтын мүшелерін де тарту ойда бар екен. 

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандық продюсер Жан Мұқанов "МузАрт" тобының жұлдыздарымен "қауіпті бәс" тіккенін хабарлап жазған еді. "Олардың 15 жылдық мерейтойынан кейін шашты сыпырып алып тастауға бәстестік. Не үшін? Себебі жоқ! Қанша жаста болсақ та! Мәртебеміз қандай болса да! Әр кезде жас болып қалу керек дәне өмірдің барлық мүмкіндігінде қуана білу керек! Біздің абыройлы әртістеріміздің өз мәртебелеріне қарамастан, нағыз өмірді сүре алатындарына ризамын!", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Сәкен Майғазиев бұл идеяны әлеуметтік желілердегі тыңдармандары мен фан-клуб мүшелерінің қолдап, тіпті өздері де шаштарын сыпырып тастауға уәде бергенін айтып отыр. "Біздіңше, бұл біздің шығармашылығымызға кедергі болмайды, алайда бәрін уақыт көрсетеді. Мысалы бұл Мейрамбектің арманы екен, ол 1987 жылдан бері шашын тықырлап алмапты", - деп әзілдеді әнші. 

Орындаушының айтуынша, қазіргі уақытта Мейрамбек Бесбаев өз парақшасында сауалнама жүргізіп жатыр, "Дұрыс-бұрыс емес десе, халықтан үлкен еместігіміз де бар ғой, ол жағын да көре жатармыз. Шын мәнінде шашты сыпырып алып тастасам маған жараспайды", - деп ойын бөлісті Майғазиев.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети