01 наурыз 2022 14:09

"Операция жасалды". Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған. 

"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді Гүлбаршын Байжігітова. 

Оның айтуынша, әнші Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апаты болған. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.

"Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рақмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын", - дейді әншінің әйелі.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети