03 наурыз 2022 11:06

Саят Медеуовтің әйелі желіде тараған қауесетке жауап берді

Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888 Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

Әлеуметтік желіде әнші Саят Медеуов "жол апатынан қаза тапты" деген ақпарат тарады. Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітова бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде әнші Саят Медеуов "жол апатынан қаза тапты" деген ақпарат тарады. Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітова бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, әншінің қазіргі жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен шықты. 

"Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Палатаға шығарды. Өзім қасындамын. Бәрі жақсы. Үйге қашан шығаратыны әзірге белгісіз. Қазір ауруханада", - деді әнішінің әйелі. 

Саят Медеуовтің жағдайын әнші Ақбота Керімбекова да біліп қайтқан. Керімбекова палатадан видео түсіріп, желідегі парақшасына салды. Видеода Саят Медеуов уайымдап, тілек білдіріп жатқан барша қазақстандыққа алғыс айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Саят Медеуов жол апатына ұшырап, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. Артынша әншіге операция жасалды. Бұл туралы Медеуовтің әйелі Гүлбаршын Байжігітова хабарлаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети