Прагада Баян Алагөзова Головкиннің арқасында айыппұлдан құтылды
24 Наурыз, 12:44Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram желісінде Чехияда түсірілген видеоны жариялады. Ондағы полицей Геннадий Головкиннің жанкүйері болып шыққан.
Продюсердің айтуынша, олар Прагада жол қозғалысы ережесін бұзған, алайда чех полицей оларды Қазақстаннан келгенін білген сәтте жібере салған. Өзі болса қазақстандық боксшының жанкүйері екенін айтқан.
"Головкин не Алматыдан, не Астанадан. Меніңше, ол Астанадан. Оның Максим деген бауыры бар", - дейді видеода полицей.
Головкинді жақсы көресіз бе деген сұраққа ол былай деп жауап береді: "Әрине. Головкинді жақсы көремін. Ол жақта Мурат Гассиев та бар. Головкиннің Абель Санчес деген бапкері бар", - дейді полицей.
Тегтер:
"Шоу-бизнес" айдарындағы басқа жаңалықтар :
Әншілер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Пәтер дауы. Тұрсынғали Алагөзов ұлына жауап берді
Әлемдік шоу-бизнестегі ең жарасымды жұп айырылысқандарын мәлімеді
"Құдды үнді киносындай". Қайрат Нұртастың жары әншімен қалай танысқанын айтты
Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек - Баян Алагөзова
Пікір қалдырыңыз