01 сәуір 2022 12:43

Танымал аспаздың тойындағы ерекше ас Қазнетті таңғалдырды

Видео кадры Видео кадры

Танымал аспаз Бағдат Талғатұлының тойында қонақтарға акуладан ас ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал аспаз Бағдат Талғатұлының тойында қонақтарға акуладан ас ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. 

"Акула атадан қалған ас емес, мақтанатын зат емес", "Акула жыр болды ғой. Жылқының етіне жетпейді бәрібір", "Дәмі қалай болар екен?", - дейді Желі қолданушылары. 

Аспаздың айтуынша, тойында танымал жұлдыздар келіп, үлкен шоу жасалуы керек болған. Дегенмен ауа райының қолайсыздығына қарамастан көптеген әнші келген. 

"Алдын ала жоспарлап, шоу-концерт ретінде өткізсек деп ойладық. Бірақ өздеріңізге белгілі соңғы күндері Қазақстанның түкпір-түкпірінде ауа райы нашарлап кетті. Сондықтан көптеген өнер адамы келе алмады. Одан бөлек, тойда 12 келілік торт жасалды. Мен үшін маңызды күн болғандықтан, акуланы дайындауды Манас Ысқақ есімді әріптесіме тапсырдым. Одан бөлек, Алматыдан келген шәкірттерім де қонақтарға ас ұсынды", - дейді аспаз. 

Бағдат Талғатұлының айтуынша, тойда "ең ұзақ" беташар болған. Яғни беташар рәсімі 1 сағат 20 минутқа созылған екен. 

"Тойымда тағы бір ерекшелік болсын деп қолтырауынға тапсырыс берген болатынмын. Бірақ оны алдыра алмай қалдық. Себебі соңғы жағдайларға байланысты кедендер жабылып қалған. Менің бұл ойым жүзеге аспай қалды. Қолтырауынды Ресей арқылы Бразилиядан алдыру керек болдық. Акуланы Тынық мұхитынан алдырдық. Қазақстанда теңіз өнімдерімен айналысатын компания бар. Сол арқылы алдырдық", - дейді Бағдат.  

Айта кетейік, бұған дейін Бағдат Талғатұлы әнші Әбдіжаппар Әлқожаның ұлдарының сүндет тойында акула сойып, шоу жасаған болатын. Аспаздың айтуынша, акула еті жарты сағатта піседі.

"Акуланы АҚШ-тан алдыртты. Балық жарты сағатта піседі. Оның еті көп адамға ұнамауы мүмкін. Тауықтың етіне ұқсайды, бірақ қышқылдау болып келеді. Бір акуланы тойда шоу ретінде ұсындық. Етін көп адам жей бермейді, акула деген аты ғана", - деген еді аспаз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети