Қырғызстан мұнай мен жанар-жағармай өнімдерін шығаруға тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мұнай мен жанар-жағармай өнімдерін шығаруға тыйым салды Фото:depositphotos.com

Қырғызстанда мұнай мен жанар-жағармай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Тиісті қаулыны 13 шілдеде республика үкіметі қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Құжатқа сүйенсек, бұл қаулы Қырғызстанның ішкі мұнай және мұнай өнімдері нарығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, энергетикалық қауіпсіздікті қорғау, мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу, сондай-ақ ішкі қажеттіліктерді үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енді.

Сонымен қатар Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын шекара арқылы заңсыз шығаруды болдырмау бойынша шаралар кешені қолданылып жатыр. Атап айтқанда, көршілес мемлекеттерден келетін жүк және жеңіл көліктер Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайды.

"Қазір негізгі жұмыс жанар-жағармайды заңсыз тасымалдау үшін қосымша отын бактары орнатылған автокөліктерді анықтауға бағытталған. Бұл іспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр", - деді бұған дейін Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Қазақстандағы бензин мен жанар-жағармай материалдарына қатысты жағдай

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай өнімдерін заңсыз шығаруды бақылауды күшейтуді тапсырды. Үкімет мәліметінше, тек екі тәулік ішінде өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде үш тоннадан аса отынды алып шығудың 61 әрекеті, ал жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 593 әрекеті тоқтатылған.

Мамырда ІІМ бензинді Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдау үшін заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бар көліктер анықталғанын хабарлаған еді. Ол кезде заңбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары олқылықтар жойылғанша арнайы тұрақтарға қойылды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +35
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +36
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +35
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +32
О
Орал +33
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер