Қырғызстанда жынысты өзгерту бойынша операцияларға тыйым салынбақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жынысты өзгерту бойынша операцияларға тыйым салынбақ Фото:depositphotos.com

Қырғызстанда Жоғорку Кенеш депутаттары бірінші оқылымда жынысты өзгерту бойынша операцияларға және ресми құжаттардағы тиісті деректерді түзетуге тыйым салатын заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.


Қырғызстанда Жоғорку Кенеш депутаттары бірінші оқылымда жынысты өзгерту бойынша операцияларға және ресми құжаттардағы тиісті деректерді түзетуге тыйым салатын заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Құжат авторларының бірі, депутат Болот Сағынаевтың айтуынша, заң жобасымен жынысты ауыстыру мақсатында жасалатын хирургиялық операцияларға, гормондық терапияға және өзге де медициналық араласуларға тыйым салу ұсынылады. Азаматтық хал актілері мен жеке құжаттардағы жынысы туралы жазбаларды өзгертуге де тыйым енгізіледі.

Бұл ретте жыныстық дамудың туа біткен ауытқуларына қатысты жағдайлар ерекшелік ретінде қарастырылған. Мұндай жағдайларда құжаттарға өзгертулер дәрігерлік комиссия қорытындысы мен сот шешімі негізінде енгізілуі мүмкін.

Бастама авторларының айтуынша, заң жобасы медициналық анықтамалар негізінде жыныс деректерін өзгертуге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықты жоюға, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға және құқықтық қайшылықтардың алдын алуға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері отырыс барысында Қырғызстанда жынысты өзгерту бойынша бірде-бір операция ресми түрде тіркелмегенін хабарлады. Бұл ретте жыныстық дамудың туа біткен ауытқулары бойынша статистика жүргізілмейді.

Бұған дейін БАҚ өкілдері ресми құжаттардағы жынысы туралы мәліметті өзгерту туралы Қырғызстандағы алғашқы өтініш туралы хабарлаған болатын. Сол кезде қолданыстағы заңнаманың медициналық анықтама негізінде мұндай рәсімге мүмкіндік беретіні айтылған еді.

Кейін республика парламентінің спикері әрі заң жобасы авторларының бірі Марлен Маматалиев дәл осы жағдай заңнамалық өзгерістерді әзірлеуге түрткі болған себептердің бірі екенін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.34   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +27
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +23
О
Орал +29
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер